О предоставлении специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Аккольского района, социальной поддержки в виде подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение жилья в 2012 году

Решение Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 19 марта 2012 года № С 2-3. Зарегистрировано Управлением юстиции Аккольского района Акмолинской области 3 апреля 2012 года № 1-3-176. Утратило силу - решением Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 8 августа 2012 года № С 8-2

      Сноска. Утратило силу - решением Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 08.08.2012 № С 8-2 (вводится в действие со дня официального опубликования)
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», на основании постановления Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года «Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты», Аккольский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить специалистам сферы здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Аккольского района, подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю на одного специалиста, и бюджетный кредит для приобретения или строительства жилья в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратный размер месячного расчетного показателя.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии Аккольского
      районного маслихата                        К.Нурсадыков

      Секретарь Аккольского
      районного маслихата                        Д.Салыбекова

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким Аккольского района                    А.С.Уисимбаев

Ақкөл ауданының селолық елді мекендеріне 2012 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсету және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру туралы

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 наурыздағы № С 2-3 шешімі. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 3 сәуірде № 1-3-176 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 тамыздағы № С 8-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2012.08.08 № С 8-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына сәйкес, 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету мөлшерлері мен Ережесін бекіту туралы» қаулысының негізінде, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақкөл ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына бір маманға жетпіс айлық есептік көрсеткішіне тең сомада көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіліп, тұрғын үй сатып алуға немесе тұрғын үй құрылысына бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие берілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Қ.Нұрсадықов

      Ақкөл аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ж.Салыбекова

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақкөл ауданының әкімі                      А.С.Үйсімбаев