Ақкөл ауданының селолық елді мекендеріне 2012 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсету және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 тамыздағы № С 8-2 шешімі. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 27 тамызда № 1-3-187 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № С 13-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 25.01.2013 № С 13-1 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.

      2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2005 жылғы 8 шілдедегі 18 бабының 8 тармағына сәйкес, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының негізінде, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақкөл ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына бір маманға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіліп, тұрғын үй сатып алуға немесе тұрғын үй құрылысына бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие берілсін.
      2. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 19 наурыздағы № С 2-3 «Ақкөл ауданының селолық елді мекендеріне 2012 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсету және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру туралы» (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-3-176 тіркелген, 2012 жылғы 20 сәуірдегі «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» газеттерінде жарияланған) шешімі күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       А.Мананбаева

      Ақкөл аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ж.Салыбекова

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақкөл ауданының әкімі                      Р.Қ.Әкімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады