Об оказании социальной помощи детям-инвалидам,воспитывающимся и обучающимся на дому

Постановление акимата Астраханского района Акмолинской области от 14 июня 2012 года № 213. Зарегистрировано Управлением юстиции Астраханского района Акмолинской области 4 июля 2012 года № 1-6-177. Утратило силу постановлением акимата Астраханского района Акмолинской области от 6 августа 2014 года № 248

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Астраханского района Акмолинской области от 06.08.2014 № 248 (вступает в силу со дня подписания).

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, подпунктом 3) пункта 2 статьи 11 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан», Стандартом государственной услуги «Назначение материального обеспечения детям-инвалидам, обучающимся на дому» утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 марта 2014 года № 217, акимат Астраханского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Сноска. Преамбула - в редакции постановления акимата Астраханского района Акмолинской области от 23.06.2014 № 206 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      1. Оказать социальную помощь детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому, ежеквартально в размере 6 месячных расчетных показателей.
       2. Признать утратившим силу постановление акимата Астраханского района «Об оказании социальной помощи детям-инвалидам, обучающимся на дому» от 1 февраля 2012 года № 42, (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации от 23 февраля 2012 года № 1-6-165, опубликованного в газете «Маяк» № 11 от 16 марта 2012 года).
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возлагается на заместителя акима Астраханского района Кожахмет М.К.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Астраханского района                  Т.Ерсеитов

Үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 213 қаулысы. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 4 шілдеде № 1-6-177 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 06.08.2014 № 248 (қол қойған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 23.06.2014 № 206 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға, тоқсан сайын, 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Астрахан ауданы әкімдігінің «Үйден оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 1-ақпандағы № 42, (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 23-ақпанында 1-6-165 нөмірімен тіркелген, «Маяк» газетінің 2012 жылғы 16 наурызда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі                   Т.Ерсейітов