Астрахан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 213 "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 206 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 шілдеде № 4274 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 06.08.2014 № 248 (қол қойған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астрахан ауданы әкімдігінің «Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 14 маусымдағы № 213 (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 4 шілдедегі 1-6-177 нөмерімен тіркелген, № 28 «Маяк» газетінде 2012 жылғы 20 шілдеде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі                   Т.Ерсейітов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады