О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 27 апреля 2012 года № 5С-4/3 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Буландынского района"

Решение Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 20 декабря 2012 года № 5С-12/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 23 января 2013 года № 3629. Утратило силу решением Буландынского районного маслиахата Акмолинской области от 29 марта 2013 года № 5С-15/4

      Сноска. Утратило силу решением Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 29.03.2013 № 5С-15/4 (вступает в силу со дня подписания).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 56 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 11 Стандарта государственной услуги «Назначение и выплаты социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов», утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394, Буландынский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Буландынского районного маслихата «Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Буландынского района» от 27 апреля 2012 года № 5С-4/3 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-7-156, опубликовано 8 июня 2012 года в газетах «Бұланды таңы», «Вести Бұланды жаршысы») следующие изменения:
      пункт 1 изложить в новой редакции:
      «1. Оказать социальную помощь отдельным категориям нуждающихся граждан Буландынского района:
      1) к государственному празднику Дню Победы единовременно на основании списков, предоставленных Буландынским районным отделением Акмолинского областного филиала Республиканского государственного казенного предприятия «Государственный центр по выплате пенсий»:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере десяти месячных расчетных показателей;
      лицам, приравненным к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере трех месячных расчетных показателей;
      другим категориям лиц, приравненным к участникам Великой Отечественной войны в размере двух месячных расчетных показателей;
      2) к празднованию Дня пожилых людей пенсионерам с минимальной пенсией единовременно в размере полутора месячных расчетных показателей на основании списков, предоставленных Буландынским районным отделением Акмолинского областного филиала Республиканского государственного казенного предприятия «Государственный центр по выплате пенсий»;
      3) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на основании списков, предоставленных Буландынским районным отделением Акмолинского областного филиала Республиканского государственного казенного предприятия «Государственный Центр по выплате пенсий», ежемесячно за счет целевых трансфертов, выделяемых из областного бюджета, на возмещение сто процентов расходов по оплате коммунальных услуг: водоснабжение, канализацию, газоснабжение, электроснабжение, теплоснабжение, мусороудаление на счета услугодателей по заявлению получателя, либо на лицевые счета получателей;
      4) больным туберкулезом на проезд и лечение на основании списков, предоставленных государственным предприятием на праве хозяйственного ведения «Буландынская центральная районная больница» при акимате Акмолинской области, больным с онкологическими заболеваниями, прошедшим специальное лечение в условиях онкологического стационара, один раз в год в размере пятнадцати месячных расчетных показателей;
      5) студентам из малообеспеченных семей района и многодетных семей, проживающих в сельской местности, обучающихся на очной форме обучения в колледжах, один раз в год в размере годовой стоимости образовательной услуги, на основании договора с учебным заведением;
      6) бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей ежемесячно на возмещение расходов по оплате коммунальных услуг в размере одного месячного расчетного показателя на основании списков, предоставленных Буландынским районным отделением Акмолинского областного филиала Республиканского государственного казенного предприятия «Государственный центр по выплате пенсий»;
      7) инвалидам, детям-инвалидам до 18 лет в размере полутора месячных расчетных показателей один раз в год на основании списков, предоставленных Буландынским районным отделением Акмолинского областного филиала Республиканского государственного казенного предприятия «Государственный центр по выплате пенсий»;
      8) семьям, при наступлении чрезвычайной ситуации (пожар, наводнение и другие стихийные бедствия) при обращении не позднее трех месяцев после наступления события единовременно в размере пятидесяти месячных расчетных показателей;
      9) на платную операцию, на приобретение лекарственных средств, не входящих в перечень утвержденным приказом министра здравоохранения от 4 ноября 2011 года № 786 «Об утверждении Перечня лекарственных средств и изделий медицинского назначения для бесплатного обеспечения населения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи на амбулаторном уровне с определенными заболеваниями (состояниями) и специализированными лечебными продуктами» семьям, имеющим доход ниже прожиточного минимума один раз в год в размере пятнадцати месячных расчетных показателей;
      10) на погребение несовершеннолетних детей, семьям имеющим доход ниже прожиточного минимума, в размере пятнадцати месячных расчетных показателей.»;
      пункт 3 изложить в новой редакции:
      «3. Определить исчерпывающий перечень документов необходимый для назначения и выплаты социальной помощи:
      1) для категории, указанной в подпункте 3) пункта 1 – квитанции, счета, реестры за оплаченные коммунальные услуги, документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства (адресная справка либо справка сельских и/или аульных акимов);
      расходы на твердое топливо в период отопительного сезона возмещаются в размере сто процентов по месту фактического проживания участника или инвалида Великой Отечественной войны, путем перечисления на лицевые счета получателей или согласно предоставленных квитанций на приобретение твердого топлива;
      2) для категории, указанной в подпункте 4) пункта 1 - заявление лица, имеющего право на данную социальную помощь, индивидуальный идентификационный код (номер банковского счета), копия документа, удостоверяющего личность или копия свидетельства о рождении детям до 16 лет, документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства (адресная справка либо справка сельских и/или аульных акимов), выписка из истории болезни;
      3) для категории, указанной в подпункте 5) пункта 1 – заявление, справка, подтверждающая отношение к данной категории, справка с учебного заведения, документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства (адресная справка либо справка сельских и/или аульных акимов), копия регистрационного номера налогоплательщика, индивидуальный идентификационный код (номер банковского счета), договор с учебным заведением:
      4) для категории, указанной в подпункте 8) пункта 1 – заявление, справка государственного учреждения «Отдел по чрезвычайным ситуациям Буландынского района Департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»;
      5) для категории, указанной в подпункте 9) пункта 1 – заявление, выписка из истории болезни, заключение врачебно-консультационной комиссии, сведения о составе семьи и сведения о доходах семьи за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      6) для категории, указанной в подпункте 10) пункта 1 – заявление, копия свидетельства о смерти, сведения о составе семьи и сведения о доходах семьи за квартал, предшествующий кварталу обращения.».
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель 12 очередной
      сессии                                     Кажаканов Б.Т.

      Секретарь
      районного маслихата                        Ш.Кусаинов

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким Буландынского
      района                                     М.Балпан

Бұланды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 5С-4/3 "Бұланды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 5С-12/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 қаңтарда № 3629 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 5С-15/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 29.03.2013 № 5С-15/4 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы» 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 5С-4/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-7-156 тіркелген, 2012 жылғы 8 маусымдағы «Бұланды таңы», «Вести Бұланды жаршысы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1. Бұланды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасалсын:
      1) Жеңіс күні мемлекеттік мерекесіне «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақмола облыстық филиалының Бұланды аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде біржолғы»:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне он айлық көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңелген тұлғаларға үш айлық көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңелген басқа санаттағы тұлғаларға екі айлық көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Қарттар күні мерекесіне ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақмола облыстық филиалының Бұланды аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде біржолғы бір жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақмола облыстық филиалының Бұланды аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен ай сайын сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты жою коммуналдық қызмет төлемі бойынша шығындарды жүз пайыз өтеу үшін, арыз берушінің өтініші бойынша қызмет көрсетушінің шотына немесе алушының жеке шотына аудару;
      4) Туберкулезбен ауыратын науқастарға емделуге және жолына Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы «Бұланды орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдер негізінде онкологиялық стационар жағдайында арнайы емдеуден өткен онкологиялық аурумен ауыратын науқастарға жылына бір рет біржолғы он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) ауданның тұрмысы төмен отбасылардан және ауылдық жерлерінде тұратын көп балалы отбасылардан шыққан, колледждерде күндіз оқитын студенттерге, оқу орнымен шарт негізінде, жылына бір рет білім беру қызметінің жылдық құны мөлшерінде;
      6) коммуналдық қызмет төлемі бойынша шығындарды өтеу үшін концлагерлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақмола облысы Бұланды аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Бұланды аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде жылына бір рет екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) отбасына, төтенше жағдайларға тап болған жағдайда (өрт, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар) болған оқиғадан кейін үш айдан кешіктірмей біржолғы елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      9) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген тізіліміне кірмейтін дәрі-дәрмектерді сатып алуға, ақылы ота жасау табысы күн көріс деңгейінен аспайтын отбасыларына жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      10) табысы күн көріс деңгейінен аспайтын отбасыларға кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;
      3-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «3. Әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу үшін қажетті толық құжаттардың тізбесі белгіленсін:
      1) 1-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген санат үшін – коммуналдық төлемді төлегені туралы түбіртек, есеп-шоты, тізілімдер, тұрақты тұратын жерде тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жылу беру маусымы кезеңінде қатты отын шығындары алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы немесе сатып алынған қатты отынның түбіртегіне сәйкес жүз пайыз мөлшерінде өтеледі;
      2) 1-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – осы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, жеке сәйкестендірме коды (банк шотының нөмірі), жеке куәлігінің көшірмесі немесе 16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәлігінің көшірмесі, тұрақты тұратын жерде тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы), ауыруы тарихының үзіндісі;
      3) 1-тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санат үшін - өтініш, сол санатқа жататынын растайтын анықтама, оқу орнынан анықтама, тұрақты тұратын жерде тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы), салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, жеке сәйкестендірме коды (банк шотының нөмірі), оқу орнымен шарт;
      4) 1-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - өтініш, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бойынша Министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар бойынша департаменті Бұланды ауданының Төтенше жағдайлар бойынша бөлімі» мемлекеттік мекемесінің анықтамасы;
      5) 1-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - өтініш, ауыруы тарихының үзіндісі, дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы, отбасының құрамы туралы мәліметтер және өтініш берген тоқсаннан өткен тоқсанда тапқан табыстары туралы мәліметтер;
      6) 1-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - өтініш, қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі, отбасының құрамы туралы мәліметтер және өтініш берген тоқсаннан өткен тоқсанда тапқан табыстары туралы мәліметтер.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс 12 сессияның
      төрағасы                                   Қажақанов Б.Т.

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ш. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бұланды ауданының әкімі                    М. Балпан