О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в Шортандинский район

Решение Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 23 июля 2012 года № С-7/3. Зарегистрировано Управлением юстиции Шортандинского района Акмолинской области 8 августа 2012 года № 1-18-160. Утратило силу решением Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 10 декабря 2014 года № С-35/4

      Сноска. Утратило силу решением Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 10.12.2014 № С-35/4 (вводится в действие с момента подписания).

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 «Об утверждении размеров и правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты», с учетом потребности заявленной акимом района в специалистах здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в Шортандинский район меры социальной поддержки в виде:
      1) подъемного пособия в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю;
      2) социальной поддержки для приобретения жилья или строительства жилья - бюджетный кредит в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратный размер месячного расчетного показателя.
      2. Признать утратившим силу решение районного маслихата от 12 апреля 2012 года № С-4/4 «О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в Шортандинский район» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-18-156, опубликованное 19 мая 2012 года в районной газете «Вести» № 19 и 19 мая 2012 года в районной газете «Өрлеу» № 19)
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.


      Председатель сессии
      районного маслихата                        А.Коровина

      Секретарь
      районного маслихата                        Г.Скирда

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким района                                С.Камзебаев

Шортанды ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 23 шілдедегі № С-7/3 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 8 тамызда № 1-18-160 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № С-35/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 10.12.2014 № С-35/4 (қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімінің денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарының қажеттілігін хабарлауын ескере отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шортанды ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары:
      1) жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдем ақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе тұрғын үй құрылысы үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде ұсынылсын.
      2. Аудандық мәслихаттың 2012 жылдың 12 сәуіріндегі № С-4/4 «Шортанды ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» (нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-18-156 болып тіркелген, 2012 жылдың 19 мамырында аудандық № 19 «Вести» газетінде және 2012 жылдың 19 мамырында аудандық № 19 «Өрлеу» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрайымы                            А.Коровина

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Г.Скирда

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Аудан әкімі                                С.Қамзебаев