Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № С-4/4 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 3 мамырда № 1-18-156 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 23 шілдедегі № С-7/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2012.07.23 № С-7/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімінің денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарының қажеттілігін хабарлауын ескере отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шортанды ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары:
      1) жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдем ақы;
      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие түрінде ұсынылсын.
      2. Күші жойылды деп танылсын:
      Шортанды аудандық мәслихатының 2011 жылдың 10 мамырындағы № С – 38/5 «Шортанды ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы», (нормативік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-18-134 болып тіркелген, 2011 жылғы 04.06 аудандық № 21 «Өрлеу» газетінде және 2011 жылдың 04.06 аудандық № 21 «Вести» газетінде жарияланған) шешімі;
      Шортанды аудандық мәслихатының 2011 жылдың 25 тамызындағы № С-41/3 «Аудандық мәслихаттың 2011 жылдың 10 мамырындағы № С – 38/5 «Шортанды ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (нормативік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-18-138 болып тіркелген, 2011 жылғы 23 шілдедегі аудандық № 28 «Өрлеу» газетінде және 2011 жылдың 23 шілдесінде аудандық № 28 «Вести» газетінде жарияланған) шешімі.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрайымы                            Г.Мұқанова

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Г.Скирда

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Аудан әкімі                                С.Қамзебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады