Об организации приписки к призывному участку граждан 1995 года рождения проживающих на территории района Т.Рыскулова в 2012 году

Решение акима района Т.Рыскулова Жамбылской области от 16 января 2012 года № 2. Зарегистрировано Управлением юстиции района Т.Рыскулова от 20 февраля 2012 года № 6-8-134

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии с подпунктом 13) пунктом 1 статьи 33 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года, пунктом 3 статьи 17 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О воинской обязанности и воинской службе» и Постановления Правительства Республики Казахстан от 5 мая 2006 года № 371 «Об утверждении Правил о порядке ведения воинского учета военнообязанных и призывников в Республике Казахстан», РЕШИЛ:
      1. Начальнику государственного учреждения «Отдел по делам обороны района Т.Рыскулова Жамбылской области» К.Ердосову (по согласованию) рекомендовать в 2012 году провести приписку для воинского учета к призывному участку граждан мужского пола 1995 года рождения, проживающие на территории района Т. Рыскулова.
      2.Акимам аульных округов обеспечить явку юношей 1995 года к призывному участку к приписке, оповестить о призыве к приписке в государственное учреждение «Отдел по делам обороны района Т.Рыскулова Жамбылской области»
      3.Коммунальному государственному учреждению «Отдел образования, физической культуры и спорта акимата района Т.Рыскулова» обеспечить организованное и своевременное направление граждан мужского пола 1995 года рождения, обучающихся в учреждениях образования района в призывной участок по согласованному графику с государственным учреждением «Отдел по делам обороны района Т.Рыскулова Жамбылской области».
      4.Рекомендовать главному врачу коммунального государственного казенного предприятия «Центральная районная больница Т.Рыскуловского района управления здравоохранения акимата Жамбылской области» Ш.Мырзалиеву (по согласованию) провести во время проведения приписки к призывному участку медицинское освидетельствование для установления степени годности граждан к воинской службе в порядке, определяемом Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 января 2010 года № 44 «Об утверждении Правил проведения военно-врачебной экспертизы и Положения об органах военно-врачебной экспертизы».
      5.Рекомендовать начальнику государственного учреждения «Отдел внутренних дел района Т.Рыскулова Департамента внутренних дел Жамбылской области» С.Ашималиев (по согласованию) в пределах своей компетенции осуществлять розыск и задержание лиц, уклоняющихся от исполнения воинской обязанности.
      6.Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района А.Карсыбаева.
      7.Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня официального опубликования.
      
      Аким района                                А.Нуралиев

«СОГЛАСОВАНО»
Начальник государственного учреждения
«Отдел по делам обороны района
Т.Рыскулова Жамбылской области»
К.Ердосов
25.01.2012 год.

Начальник государственного учреждения
«Отдел внутренних дел района Т.Рыскулова Департамента
внутренних дел Жамбылской области»
С.Ашималиев
25.01.2012 год.

Главный врач коммунального государственного казенного
предприятия «Центральная районная больница Т.Рыскуловского
района управления здравоохранения акимата Жамбылской области»
Ш.Мырзалиев
25.01.2012 год

2012 жылы Т.Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 2 шешімі. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 20 ақпанда № 6-8-134 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 17-бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМIН:
      1.«Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы К.Ердосовқа (келiсiм бойынша) 2012 жылы Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесiне тiркеудi жүргiзу ұсынылсын.
      2.Ауылдық округ әкімдері «Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, тіркеу жүргізу учаскесіне 1995 жылғы жасөспірімдерді тіркеуге келуін қамтамасыз етсін.
      3.«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақытылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.
      4.«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Ш.Мырзалиевке (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау үшін «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысында айқындалған тәртіппен азаматтарды медициналық куәландрудан өткізу ұсынылсын.
      5.«Жамбыл облысының Ішкі істер Департаментінің Т.Рысқұлов ауданының Iшкi iстер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Ашималиевке (келiсiм бойынша) өз құзыреттерi шегiнде әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарған адамдарды iздестiрудi және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Қарсыбаевқа жүктелсiн.
      7. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      Аудан әкімі                                А.Нұралиев

«КЕЛIСIЛДI»
«Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
К.Ж.Ердосов
23.01.2012 жыл

«Жамбыл облысының Ішкі істер Департаментінің Т.Рысқұлов
ауданының Iшкi iстер бөлімі»
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
С.Т.Ашималиев
23.01.2012 жыл

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы
Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
Ш.Мырзалиев
23.01.2012 жыл