О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Бухар-Жырауского района от 5 марта 2012 года N 05/01 "О мерах по организации социальных рабочих мест в Бухар-Жырауском районе в рамках Программы занятости 2020"

Постановление акимата Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 14 мая 2012 года N 13/01. Зарегистрировано Управлением юстиции Бухар-Жырауского района Карагандинской области 4 июня 2012 года N 8-11-136

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 5) пункта 2 статьи 4 и статьей 18-1 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года N 836 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях оказания социальной поддержки безработным гражданам, относящимся к целевым группам, акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Бухар-Жырауского района от 5 марта 2012 года N 05/01 "О мерах по организации социальных рабочих мест в Бухар-Жырауском районе в рамках Программы занятости 2020" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 8-11-133, опубликовано в газете "Сарыарқа" от 7 апреля 2012 года за N 14) следующие изменения и дополнения:
      в заголовке постановления слова "в рамках Программы занятости 2020" исключить;
      пункт 1 постановления исключить;
      в пункте 2 постановления после слов "(далее – Центр занятости)" дополнить словами "и государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Бухар-Жырауского района" (далее – Отдел занятости)", после слов "в Центре занятости" дополнить словами "и Отделе занятости";
      в пункте 3 постановления слова "республиканского бюджета" заменить словами "республиканского и местного бюджета";
      в пункте 4 постановления после слов "Центром занятости" дополнить словами "Отделом занятости".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Әли Асхат Сағадиұлы.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким района                                Ш. Мамалинов

Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 наурыздағы N 05/01 "Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында Бұқар жырау ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 мамырдағы N 13/01 қаулысы. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 4 маусымда N 8-11-136 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабына және 4 бабының 2 тармағының 5) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 наурыздағы N 05/01 "Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында Бұқар жырау ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-11-133 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 сәуірде N 14 "Сарыарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      қаулының тақырыбындағы "Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында" деген сөздер алынып тасталсын;
      қаулының 1 тармағы алынып тасталсын;
      қаулының 2 тармағында "(бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталығы)" сөздерден кейін "және "Бұқар жырау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Жұмыспен қамту бөлімі)" деген сөздермен толықтырылсын, "Жұмыспен қамту орталығында" деген сөздерден кейін "және Жұмыспен қамту бөлімінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      қаулының 3 тармағында "республика бюджеті" деген сөздер "республика және жергілікті бюджет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      қаулының 4 тармағында "Жұмыспен қамту орталығы" деген сөздерден кейін ", Жұмыспен қамту бөлімі" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ш. Мамалинов