Об утверждении Правил оказания жилищной помощи

Решение Жалагашского районного маслихата Кызылординской области от 26 сентября 2012 года № 11-8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 25 октября 2012 года № 4328. Утратило силу решением Жалагашского районного маслихата Кызылординской области от 5 июля 2017 года № 13-3

      Сноска. Утратило силу решением Жалагашского районного маслихата Кызылординской области от 05.07.2017 № 13-3 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Согласно подпункту 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пункту 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", а также Постановлению Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Жалагашский районный маслихат РЕШИЛИ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания жилищной помощи.

      2. Главному специалисту аппарата Жалагашского районного маслихата (Мукашев Б.) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах Юстиции и его официальное опубликование в средствах массовой информации, включая интернет-ресурсы.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель ХІ-сессии
      Жалагашского районного
      маслихата БАЙМАХАНОВ Д.
      Секретарь Жалагашского
      районного маслихата СУЛЕЙМЕНОВ К.

  Утверждены
решением Жалагашского районного маслихата
от "26" сентября 2012 года N 11-8

Правила оказания жилищной помощи

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях".

1. Порядок оказания жилищной помощи

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств районного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности, на оплату:
      1) расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Жалагашского районного маслихата Кызылординской области от 20.12.2012 N 14-9; с изменениями, внесенными решениями Жалагашского районного маслихата Кызылординской области от 23.01.2014 N 28-3 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 01.01.2014); 22.07.2015 № 45-14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      2. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.
      Доля предельно допустимых расходов в пределах установленных норм устанавливается в размере 15 процентов от совокупного дохода семьи (гражданина).
      Сноска. Пункт 2 в редакции решения Жалагашского районного маслихата Кызылординской области от 23.01.2014 N 28-3 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 01.01.2014).
      3. Назначение жилищной помощи осуществляется коммунальным государственным учреждением “Жалагашский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния” (далее – уполномоченный орган).
      Сноска. Пункт 3 - в редакции решения Жалагашского районного маслихата Кызылординской области от 22.07.2015 № 45-14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      4. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетами на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.
      Сноска. Пункт 4 в редакции решения Жалагашского районного маслихата Кызылординской области от 23.01.2014 N 28-3 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 01.01.2014).
      5. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) обращается в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи с заявлением и представляет документы, указанные в пункте 4 Правил предоставления жилищной помощи утвержденных Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314.
      6. Жилищная помощь назначается с начала месяца подачи заявления на текущий квартал.
      7. Уполномоченный орган в течение десяти календарных дней со дня предоставления заявителем необходимых для назначения жилищной помощи документов принимает решение о назначении или отказе в назначении жилищной помощи, о чем уведомляет заявителя.
      8. В случае необходимости подтверждения достоверности представленных документов уполномоченный орган вправе производить обследование материально-бытовых условий проживания заявителей.
      9. Заявитель должен представить в уполномоченный орган полные и достоверные сведения в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      10. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи рассчитывается на основании Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде утвержденных Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно–коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 годa N 471.

2. Размер оказания жилищной помощи

      11. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) производится в соответствии нижеследующим нормам:
      1) Нормы потребления электроэнергии на 1 месяц:
      для семьи до 3-х человек- 100 киловатт;
      для семьи более 3-х человек - 150 киловатт.
      2) Нормы потребления газа на 1 месяц:
      для семьи до 3-х человек- 10 килограмм;
      для семьи более 3-х человек – 20 килограмм.
      3) Нормы потребления топлива:
      Нормы потребления топлива каждой семье (гражданину) на отопительный сезон: на октябрь-ноябрь месяцы по 500 килограммов, на декабрь-январь-февраль месяцы по 1000 килограммов, на март-апрель месяцы по 500 килограммов.
      4) Нормы расходов и их тарифы по водоснабжению, теплоснабжению, вывозу мусора, расходов на содержание жилья предоставляются поставщиками услуг.

3. Финансирование и порядок выплаты жилищной помощи

      12. Выплата жилищной помощи осуществляется через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 11-8 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 25 қазанда № 4328 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 шілдедегі № 13-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 05.07.2017 № 13-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, сондай-ақ "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
      2. Жалағаш аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (Б.Мұқашев) осы шешімнің Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жалағаш аудандық
      мәслихатының ХІ-сессиясының
      төрағасы Д. БАЙМАХАНОВ
      Жалағаш аудандық
      мәслихатының хатшысы К. СҮЛЕЙМЕНОВ

  2012 жылғы "26" қыркүйектегі N 11-8
Жалағаш аудандық мәслихатының
шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы

      Осы Қағида "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленді.

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2012.12.20 N 14-9; өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 23.01.2014. N 28-3 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап пайда болған қатынастарға таралады); 22.07.2015 № 45-14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      2. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 23.01.2014. N 28-3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап пайда болған қатынастарға таралады).
      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдармалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 22.07.2015 № 45-14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 23.01.2014. N 28-3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап пайда болған қатынастарға таралады).
      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      6. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      7. Уәкiлеттi орган өтініш берушіге тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажет құжаттарды берген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде тұрғын үй көмегiн тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдап, өтініш берушіні хабардар етеді.
      8. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растау қажеттiлiгi туындаған жағдайда уәкілетті орган өтiнiш иесiнiң материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзуге құқығы бар.
      9. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға толық әрі дұрыс мәліметтер беруі тиіс.
      10. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi Агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы N 471 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасына сәйкес есептеледі.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

      11. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:
      1) Электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
      3 адамға дейінгі отбасына – 100 киловатт;
      3 адамнан жоғары отбасына – 150 киловатт.
      2) Газ пайдалану нормалары 1 айға:
      3 адамға дейінгі отбасына – 10 килограмм;
      3 адамнан жоғары отбасына – 20 килограмм.
      3) Отын пайдалану нормасы:
      Отын пайдалану әр отбасыға (азаматқа) от жағу маусымына: қазан- қараша айларына 500 килограммнан, желтоқсан-қаңтар-ақпан айларына 1000 килограммнан, наурыз-сәуір айларына 500 килограммнан.
      4) Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      12. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.