Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 шілдедегі № 13-3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 тамызда № 5915 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 ақпандағы № 37-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 22.02.2019 № 37-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихатының кейбір нормативтік құқықтық шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық мәслихатының
13 - сессиясының төрағасы
А. МАХАТОВА
      Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы М. ЕСПАНОВ

  2017 жылғы "05" шілдедегі №13-3 Жалағаш аудандық мәслихатының шешiмiне қосымша

Жалағаш аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық шешімдерінің тізбесі

      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 11-8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4328 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 03 қарашада "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған);

      2. "Жалағаш аудандық мәслихатының шешіміне 2012 жылғы 26 қыркүйектегі №11-8 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" өзгерістер енгізу туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 14-9 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4385 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 02 ақпанда "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған);

      3. "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі №11-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 28-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4593 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 15 ақпанда "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған);

      4. "Жалағаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 шілдедегі № 45-14 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5100 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 19 тамызда "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған).

  Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы "05" шілдедегі №13-3 шешiмiмен бекiтiлген

Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары

      Осы тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді және Жалағаш ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерлерін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      2) мемлекеттік корпорация – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" Департаментінің Жалағаш аудандық бөлімшесі;

      3) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      4) портал – "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы;

      5) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы.

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жалағаш ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі;

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының он пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      4. Жалағаш ауданының аумағында тұрақты тұратын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшерлері

      5. Тұрғын үй көмегін алу үшін аз қамтылған отбасылар (азаматтар) уәкілетті органға немесе мемлекеттік корпорацияға өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      6. Тұрғын үй көмегін алу үшін портал арқылы өтініш жасаған жағдайда, аз қамтылған отбасылар (азаматтар) "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11015 нөмірімен тіркелген) 1-қосымшасымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      7. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

      8. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормаларына сәйкес жүргізіледі:

      1) Электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:

      үш адамға дейінгі отбасына – 100 киловатт;

      үш адамнан жоғары отбасына – 150 киловатт;

      2) Газ пайдалану нормалары 1 айға:

      үш адамға дейінгі отбасына – 10 килограмм;

      үш адамнан жоғары отбасына – 20 килограмм;

      3) Отын пайдалану нормалары:

      Отын пайдалану әр отбасыға (азаматқа) от жағу маусымына: қазан - қараша айларына 500 килограммнан, желтоқсан – қаңтар – ақпан айларына 1000 килограммнан, наурыз - сәуір айларына 500 килограммнан.

      4) Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мəслихатының 28.02.2018 № 21-5 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Қаржыландыру және төлеу

      9. Тұрғын үй көмегiн төлеудi қаржыландыру аудан бюджетінен тиiстi қаржы жылына қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

      10. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

4. Қорытынды ереже

      11. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады