Постановление Атырауского городского акимата Атырауской области от 11 сентября 2012 года № 1727. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 12 сентября 2012 года № 2619
Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 1727 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 қыркүйекте № 2619 тіркелді
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабы 2 тармағын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығын басшылыққа алып, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 950 "Атырау қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4-1-164 болып тіркеліп, 2012 жылдың 19 маусымында облыстық "Атырау" газетінің № 69 (19453) санында жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
1 тармақтағы "60 (алпыс) теңге" деген сөздер "50 (елу) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қала әкімі аппараты осы қаулының Атырау қалалық әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.И. Нұрлығожиевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Айдарбеков