О предоставлении в 2012 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Шардаринского района

Решение Шардаринского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 12 июня 2012 года № 5-35-V. Зарегистрировано Управлением юстиции Шардаринского района Южно-Казахстанской области 4 июля 2012 года № 14-15-141. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо Шардаринского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 30 января 2013 года № 10)

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", пунктом 2 Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 и заявлением районного акима от 9 апреля 2012 года № 06-767, районный маслихат РЕШИЛ:
      1. С учетом потребности в специалистах здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Шардаринского района, предоставить в 2012 году подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю и социальную поддержку для приобретения или строительства жилья в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратный размер месячного расчетного показателя на одного специалиста.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        Е.Қарымсақов

      Секретарь районного маслихата              Т.Бердибеков

Шардара ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 маусымдағы № 5-35-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 4 шілдеде № 14-15-141 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 10 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 30.01.2013 № 10 хатымен).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2 тармағына және аудан әкімінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 06-767 мәлімдемесіне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТI:
      1. Шардара ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, 2012 жылы бiр маманға жетпiс еселік айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшiн бір мың бес жүз еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа еңгiзiледі.

      Сессия төрағасы                            Е.Қарымсақов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т.Бердібеков