Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан для оказания им социальной помощи

Решение маслихата города Семей Восточно-Казахстанской области от 18 июля 2012 года N 6/41-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 14 августа 2012 года за N 2637. Утратило силу решением маслихата города Семей Восточно-Казахстанской области от 31 марта 2014 года № 28/150-V

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Семей Восточно-Казахстанской области от 31.03.2014 № 28/150-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      
      
      Примечание РЦПИ.
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      
      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпунктом 14) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами» маслихат города Семей РЕШИЛ:
      1. Определить следующие категории физических лиц, имеющих право на оказание социальной помощи:
      1) участники и инвалиды Великой Отечественной войны;
      2) лица, приравненные по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;
      3) другие категории лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны;
      4) лица пенсионного возраста, пенсионеры, получающие минимальный размер пенсий, одинокие пенсионеры;
      5) инвалиды, в том числе дети–инвалиды до 18 лет;
      6) жертвы политических репрессий;
      7) многодетные семьи, в том числе:
      многодетные матери, награжденные подвесками «Алтын алқа», «Күмiс алқа», орденами «Материнская Слава» I и II степени или ранее получившие звание «Мать-Героиня»;
      многодетные семьи, имеющие четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, после среднего образования, высших учебных заведениях, после достижения ими совершеннолетия (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста);
      8) дети-сироты, дети, оставшиеся без попечения родителей, выпускники детских домов, выпускники общеобразовательных школ и студенты из малообеспеченных семей;
      9) малообеспеченные граждане, с доходами ниже прожиточного минимума;
      10) граждане, имеющие онкологические заболевания, ВИЧ-инфицированные, больные СПИДом и больные различной формой туберкулеза;
      11) граждане, пострадавшие от стихийных бедствий (пожар, наводнение, ураганы).
      2. Определить перечень документов для оказания социальной помощи:
      1) заявление на оказание социальной помощи;
      2) документ, удостоверяющий личность;
      3) книга регистрации граждан или справка с адресного бюро;
      4) исключен - решением маслихата города Семей Восточно-Казахстанской области от 29.05.2013 N 17/97-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);
      5) сведения о доходах семьи;
      6) документ, подтверждающий статус заявителя;
      7) акт обследования материально-бытового положения заявителя;
      8) лицевой счет заявителя в банке второго уровня.
      Документы представляются в подлинниках и копиях, после сверки подлинники документов возвращаются заявителю.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      
      
      Председатель сессии
      городского маслихата                             С. Жансултанов
      
      Секретарь городского маслихата                      Ж. Елюбаев

Әлеуметтік көмек көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 2012 жылғы 18 шілдедегі N 6/41-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде 2012 жылғы 14 тамызда № 2637 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 31.03.2014 № 28/150-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек көрсетуге құқығы бар жеке тұлғалардың мынадай санаттары айқындалсын:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген өзге санаттағы тұлғалар;
      4) зейнеттік жасындағы тұлғалар, ең төменгі зейнатақы мөлшерін алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер;
      5) мүгедектер, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      6) саяси қуғын-сүргін құрбандары;
      7) көп балалы отбасылар, соның ішінде:
      «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және I, II дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;
      бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);
      8) жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері, аз қамтылған отбасыларынан шыққан жалпы орта білім беретін мектептердің түлектері және студенттер;
      9) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтар;
      10) онкологиялық, ВИЧ жұқтырған, АҚТҚ және туберкулездің түрлі түрлерімен ауыратын азаматтар;
      11) дүлей апаттардан зардап шеккен азаматтар (өрт, су тасқыны, дауыл)
      2. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мынадай құжаттар тізбесі айқындалсын:
      1) әлеуметтік көмек көрсетуге арналған өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай бюросынан анықтама;
      4) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 29.05.2013 № 17/97-V шешімімен (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;
      6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;
      7) өтініш берушінің материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі;
      8) өтініш берушінің екінші деңгейдегі банктегі жеке шоты.
      Құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                             С. Жансұлтанов
      
      Қалалық мәслихаттың хатшысы                         Ж. Елубаев