Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Постановление акимата Бокейординского района Западно-Казахстанской области от 17 января 2012 года № 23. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 23 февраля 2012 года № 7-4-128. Утратило силу - постановлением акимата Бокейординского района Западно-Казахстанской области от 30 марта 2012 года № 55

      Сноска. Утратило силу - Постановлением акимата Бокейординского района Западно-Казахстанской области от 30.03.2012 № 55

      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере двух процентов от общей численности рабочих мест в организациях согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению "Бокейординский районный отдел занятости и социальных программ" обеспечить направление лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций для трудоустройства на рабочие места в соответствии с квотой.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Л. Т. Кайыргалиеву.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района                      Р. Карин

      СОГЛАСОВАНО:

      Директор государственного
      коммунального казенного
      предприятия "Бокейординская
      районная центральная больница"
      управления здравоохранения
      акимата Западно-Казахстанской
      области"
      _____________А. У. Габбас
      17.01.2012 г.

      Директор государственного
      учреждения "Профессиональный
      лицей № 18" Управления
      образования Западно-
      Казахстанской области
      _____________А. Ш. Курумбаев
      18.01.2012 г.

Приложение
к постановлению акимата района
от 17 января 2012 года № 23

Организации, в которых установлена квота
рабочих мест для лиц, освобожденных из мест
лишения свободы и несовершеннолетних выпускников
интернатных организаций в размере двух процентов
от общей численности рабочих мест

      1. Государственное коммунальное казенное предприятие "Бокейординская районная центральная больница" управления здравоохранения акимата Западно-Казахстанской области";
      2. Государственное учреждение "Профессиональный лицей № 18" Управления образования Западно-Казахстанской области.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 23 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 23 ақпанда № 7-4-128 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 55 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2012.03.30 № 55 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдарда, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Р. Карин

      КЕЛІСІЛДІ:
      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Бөкей ордасы
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Ә. У. Ғаббас
      17.01.2012 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      білім басқармасы "№ 18
      кәсіптік лицей" мемлекеттік
      мекемесінің директоры
      _____________А. Ш. Курумбаев
      18.01.2012 ж.

2012 жылғы 17 қаңтардағы № 23
аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші
кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының
жалпы санының екі пайызы мөлшерінде жұмыс
орындарына квота белгіленген ұйымдар

      1. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бөкей ордасы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      2. Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 18 кәсіптік лицейі" мемлекеттік мекеме.