О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 мая 2011 года № 246 "Некоторые вопросы прохождения службы в органах внутренних дел Республики Казахстан"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 апреля 2013 года № 220. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 апреля 2013 года № 8442. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 мая 2016 года № 500

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 13.05.2016 № 500 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 12 Положения о Министерстве внутренних дел Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 мая 2011 года № 246 «Некоторые вопросы прохождения службы в органах внутренних дел Республики Казахстан» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7032, опубликованный в Собрании актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан от 30 ноября 2011 года № 31) следующие изменения:
      в Контракте на подготовку специалистов в организации образования МВД Республики Казахстан, утвержденного указанным приказом:
      пункты 3, 4 изложить в следующей редакции:
      «3. Организация образования обязана:
      1) обеспечить слушателю (курсанту) условия получения образования в соответствии с Законом Республики Казахстан «Об образовании» и требованиями государственных общеобязательных стандартов образования Республики Казахстан;
      2) выплачивать слушателю (курсанту) ежемесячно причитающийся ему должностной оклад (стипендию);
      3) обеспечить слушателя (курсанта) бесплатно форменным и специальным обмундированием по нормам положенности, установленным Правительством Республики Казахстан;
      4) создать установленные нормативными актами условия обучения и обеспечить слушателя (курсанта) необходимыми средствами индивидуальной защиты;
      5) обеспечить слушателя (курсанта) медицинским обслуживанием в порядке, определяемом законодательством;
      6) возмещать за причиненный слушателю (курсанту) вред в связи с исполнением служебных обязанностей в порядке и условиях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан;
      7) сдавать в государственный архив документы, подтверждающие периоды обучения слушателя (курсанта) и сведения об отчислении денег на его счет в накопительный пенсионный фонд;
      8) обеспечить хранение военного билета (приписного свидетельства), а также трудовой книжки и внесение в нее необходимых записей;
      9) приобщить к личному делу слушателя (курсанта) справку о расходах на его обучение;
      10) распределить слушателя (курсанта) в подразделения органов внутренних дел согласно заявкам территориальных Департаментов внутренних дел, Департаментов уголовно-исполнительной системы;
      11) особые условия:
__________________________________________________________________
      (указать дополнительные обязательства работодателя или сделать прочерк)
      4. Слушатель (курсант) имеет право:
      1) в порядке, установленном законодательством, изменять и расторгать данный контракт;
      2) на условия обучения, проживания и медицинского обеспечения, отвечающие требованиям безопасности и гигиены;
      3) на возмещение вреда, причиненного его здоровью в связи с исполнением им служебных обязанностей;
      4) на предоставление гарантий и компенсаций, предусмотренных действующим законодательством
____________________________________________________________________
      (указать дополнительные виды гарантий и компенсаций)
      5) повышать свою профессиональную квалификацию за счет собственных средств;
      6) выбора места службы в территориальных Департаментах внутренних дел, Департаменте внутренних дел на транспорте, Департаментах уголовно-исполнительной системы, если он окончил обучение с отличием.»;
      подпункты 9), 10) и 11) пункта 5 изложить в следующей редакции:
      «9) отслужить в соответствующем подразделении органов внутренних дел не менее пяти лет и прибыть к месту распределения в течение пяти рабочих дней согласно Протокола персонального распределения выпускников организаций образования Министерства внутренних дел Республики Казахстан;»;
      10) слушатель (курсант), отчисленный по неуспеваемости, недисциплинированности, по собственному желанию, а также в случаях досрочного расторжения Контракта по основаниям, предусмотренным Законом Республики Казахстан «О правоохранительной службе», возместить государству бюджетные средства, затраченные на выплату стипендии, питание и вещевое довольствие в период его обучения. Сумма, подлежащая удержанию, рассчитывается пропорционально за каждый полный месяц нахождения в организации образования;»;
      11) в случае отказа слушателя (курсанта) проходить службу в органах внутренних дел после окончания учебного заведения или расторжения контракта по основаниям, предусмотренным Законом Республики Казахстан «О правоохранительной службе», возместить государству бюджетные средства, затраченные на выплату стипендии, питание и вещевое довольствие в период его обучения. Сумма, подлежащая удержанию, рассматривается пропорционально за каждый полный не дослуженный месяц до окончания срока контракта.
      За утрату и порчу имущества (оружия, спецтехники) по вине слушателя (курсанта), он возмещает ущерб в соответствии с гражданским законодательством.»;
      пункт 9 исключить.
      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным приказом Министра внутренних дел РК от 21.04.2016 № 433.
      2. Признать утратившими силу приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан:
      1) от 12 декабря 2000 года № 692 «Об утверждении Инструкции о персональном распределении выпускников учебных заведений МВД Республики Казахстан и об организации работы с молодыми специалистами» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1364, опубликованный в феврале 2001 года в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан № 3);
      2) от 20 апреля 2006 года № 184 «О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 12 декабря 2000 года № 692 «Об утверждении Инструкции о персональном распределении выпускников учебных заведений МВД Республики Казахстан и об организации работы с молодыми специалистами» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4223);
      3) Департаменту кадровой работы (Абдигалиев А.У.) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и опубликование в периодических печатных изданиях;
      4) Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан генерал-майора полиции Демеуова М.Г.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
      генерал-лейтенант полиции                  К.Касымов

"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 02 сәуірдегі № 220 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 сәуірде № 8442 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 500 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 13.05.2016 № 500 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылғы 30 қарашада № 31 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарына қызметке үміткерлерді іріктеу және зерделеу жөніндегі нұсқаулықта:
      34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Білім беру ұйымы:
      1) тыңдаушыны (курсантты) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім алу жағдайларымен қамтамасыз етуге;
      2) тыңдаушыға (курсантқа) ай сайын оған тиесілі лауазымдық жалақы (стипендия) төлеуге;
      3) тыңдаушыны (курсантты) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тиесілік нормалары бойынша нысанды және арнайы киім-кешекпен тегін қамтамасыз етуге;
      4) нормативтік актілермен белгіленген оқу жағдайларын жасауға және тыңдаушыны (курсантты) қажетті жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге;
      5) тыңдаушыны (курсантты) заңнамада белгіленген тәртіппен медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда тыңдаушыға (курсантқа) қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты келтірілген зиянды өтеуге;
      7) тыңдаушының (курсанттың) оқу кезеңдерін растайтын құжаттарды және жинақтау зейнетақы қорындағы оның шотына ақша аудару туралы мәліметтерді мемлекеттік мұрағатқа тапсыруға;
      8) әскери билетінің (тіркеу куәлігінің), сондай-ақ еңбек кітапшасының сақталуын қамтамасыз етуге және оған қажетті жазбалар енгізуге;
      9) тыңдаушының (курсанттың) жеке ісіне оның оқуына жұмсалған шығын туралы анықтаманы тіркеуге;
      10) тыңдаушыны (курсантты) аумақтық ішкі істер департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің тапсырыстарына сәйкес ішкі істер органдарының бөліністеріне бөлуге;
      11) ерекше жағдайлар: _________________________________________
                          (білім беру ұйымының қосымша міндеттемелері
көрсету немесе сызба жасау)
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ міндетті.
      4. Тыңдаушы (курсант):
      1) осы келісім-шартты заңнамада белгіленген тәртіппен өзгертуге және бұзуға;
      2) қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін оқу, тұру және медициналық қамтамасыз ету жағдайларына;
      3) қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты денсаулығына келтірілген зиянның өтелуіне;
      4) қолданыстағы заңнамада көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды алуға __________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (кепілдіктер мен өтемақылардың қосымша түрлерін көрсету)
      5) өз қаражаты есебінен кәсіби біліктілігін арттыруға;
      6) егер ол оқуды үздік бітірсе, аумақтық ішкі істер департаменттерінде, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде қызмет орнын таңдауға құқылы.»;
      5-тармақтың 9)10) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) ішкі істер органдарының тиісті бөлінісінде кемінде 5 жыл қызмет өткеруге және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының бітірушілерін дербес бөлу хаттамасына сәйкес бөлінген жерге 5 жұмыс күні ішінде келуге;»;
      10) тыңдаушы (курсант) үлгермеушілігі, тәртіпсіздігі, өз еркі бойынша оқудан шығарылған, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда стипендия төлеуге, оның оқу кезеңінде тамақтануы мен заттай үлесіне жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға міндетті. Ұстауға жататын сома білім беру ұйымында болған әр толық айға тең есептеледі;
      11) тыңдаушы (курсант) оқу орнын бітіргеннен кейін ішкі істер органдарында қызмет өткеруден бас тартқан немесе «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша келісім-шартты бұзған жағдайда стипендия төлеуді, оның оқу кезеңінде тамақтануы мен заттай үлесіне жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға міндетті. Ұстауға жататын сома келісім-шарт мерзімінің аяқталуына дейін қалған қызмет етпеген әрбір толық айға тең есептеледі.
      Тыңдаушының (курсанттың) кінәсінен жоғалған немесе бүлінген мүлік (қару, арнайы техника) үшін ол азаматтық заңнамаға сәйкес шығынды өтейді.»;
      9-тармақ алынып тасталсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 21.04.2016 № 433 бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің:
      1) «Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлу және жас мамандармен жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 12 желтоқсандағы № 692 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1364 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2001 жылғы ақпанда № 2 жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлу және жас мамандармен жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы № 692 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 184 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4223 болып тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және мерзімдік баспа басылымдарда жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

            Министр
      полиция генерал-лейтенанты                       Қ. Қасымов