"Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлу және жас мамандармен жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 692 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 184 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 5 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4223. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 02 сәуірдегі № 220 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 02.04.2013 № 220 (алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 6-бабы 2-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлу және жас мамандармен жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 692  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1364 болып тіркелген, 2001 жылғы ақпан айында N 3 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және де өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      2-тармақтағы "ІІББ, ІІБ, көліктегі ІІБ" деген аббревиатуралар "ІІД, көліктегі ІІД" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын.

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін жеке бөлу және жас мамандармен жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқаулықта:

      барлық мәтін бойынша "ІІББ, ІІБ, көліктегі ІІБ" деген аббревиатуралар "ІІД, көліктегі ІІД" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;

      барлық мәтін бойынша "КжТЖД" деген аббревиатура "КЖД" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тілдегі барлық мәтін бойынша "және тәрбие" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тармақта:
      "басқармасы" деген сөзден кейін "(бұдан әрі - КЖД)" деген сөздермен толықтырсын;

      4-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ішкісминінің Кадр және тәрбие жұмысы департаментінің (бұдан әрі - КжТЖД)" деген сөздер "КЖД" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      8-тармақтың 3) тармақшасындағы "1,5 жасқа" деген сөздер "3 жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Жас мамандарды және Ішкі істер министрлігі оқу орындарының күндізгі бөлімдерін бітіргеннен кейін бес жылдан кем жұмыс істеген ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтен босату КЖД-нің келісімімен ғана жүргізіледі.".

      2. Кадр жұмысы департаменті (Рахымбеков Б.Ғ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады