О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 18 сентября 2012 года № 613 "Об утверждении Правил государственной регистрации гражданских воздушных судов Республики Казахстан, прав на них и сделок с ними, а также форм документов, удостоверяющих права на них"

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 17 июля 2013 года № 546. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 августа 2013 года № 8631. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 409 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 409 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих деятельность в сфере гражданской авиации, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 18 сентября 2012 года № 613 "Об утверждении Правил государственной регистрации гражданских воздушных судов Республики Казахстан, прав на них и сделок с ними, а также форм документов, удостоверяющих права на них" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8020, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 21 ноября 2012 г. № 402-403 (27221-27222); от 22 ноября 2012 г. № 404-405 (27223-27224)), следующие изменения:

      в Правилах государственной регистрации гражданских воздушных судов Республики Казахстан, прав на них и сделок с ними, а также форм документов, удостоверяющих права на них, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Правила определяют порядок государственной регистрации гражданских воздушных судов, прав на них и сделок с ними, выдачи свидетельств о государственной регистрации гражданских воздушных судов, прав на них и сделок с ними (далее – Свидетельство о государственной регистрации) и ведения Государственного реестра гражданских воздушных судов Республики Казахстан (далее – Государственный реестр) и внесения в него изменений, выдачи свидетельств об исключении гражданских воздушных судов Республики Казахстан из Государственного реестра (далее – Свидетельство об исключении), а также осуществления дерегистрации воздушных судов Уполномоченной стороной.

      Настоящие Правила применяются также в отношении воздушных судов легкой и сверхлегкой авиации, за исключением планеров, дельтапланов, парапланов, мотопарапланов, метеорологических шаров-зондов, беспилотных летательных аппаратов и беспилотных неуправляемых аэростатов, подлежащих учету Комитетом гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.";

      подпункт 9) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "9) Безотзывное полномочие – полномочие физического или юридического лица, в пользу которого дано право предъявлять требования на исключение из Государственного реестра гражданских воздушных судов Республики Казахстан (дерегистрацию) и вывоз воздушного судна в соответствии с Протоколом по авиационному оборудованию к Конвенции о международных гарантиях в отношении подвижного оборудования;";

      подпункты 7) пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "7) копию акта оценки о годности к эксплуатации гражданских воздушных судов, составленного Уполномоченным органом по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.";

      пункт 10, 11 и 12 изложить в следующей редакции:

      "10. За государственную регистрацию гражданского воздушного судна в Государственном реестре уплачивается сбор в порядке и размере, определяемом Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс). Государственная регистрация гражданских воздушных судов осуществляется после уплаты в государственный бюджет указанного сбора.

      11. Государственная регистрация гражданского воздушного судна, производится Комитетом гражданской авиации в течение 20 рабочих дней со дня поступления предусмотренных пунктом 7 настоящих Правил документов.

      12. В случае представления заявителем недостоверных сведений или неполного пакета документов Комитет гражданской авиации отказывает в выдаче или аннулирует ранее выданное Свидетельство о государственной регистрации в письменном виде с указанием причин отказа в течение 10 рабочих дней со дня поступления заявления.";

      пункты 20 и 21 изложить в следующей редакции:

      "20. Комитет гражданской авиации в течение 5 рабочих дней со дня подачи заявителем всех необходимых документов производит выдачу дубликата Свидетельства о государственной регистрации на бланке, в правом верхнем углу которого ставится отметка "Дубликат".

      21. За выдачу дубликата Свидетельства о государственной регистрации уплачивается сбор в порядке и размере, определяемом Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс).";

      подпункт 5) пункта 35 изложить в следующей редакции:

      "5) исполнения безотзывного полномочия;";

      пункт 42 изложить в следующей редакции:

      "42. За государственную регистрацию залога уплачивается сбор в порядке и размере, определяемом Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс).";

      пункт 45 изложить в следующей редакции:

      "45. За государственную регистрацию Безотзывного полномочия на дерегистрацию и вывоз воздушного судна уплачивается сбор в порядке и размере, определяемом Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс).".

      2. Комитету гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Сейдахметов Б.К.) обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, официальное опубликование в средствах массовой информации, в том числе размещение его на интернет-ресурсе Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и Интранет-портале государственных органов.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Бектурова А.Г.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

А. Жумагалиев


"Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 17 шілдедегі № 546 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 19 тамызда № 8631 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Азаматтық авиация саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 613 бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 8020 болып тіркелген "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 21 қарашадағы № 763-767 (27839) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидалар азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн, азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, (бұдан әрi – Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк) беру және Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу және оған өзгерiстер енгiзу (бұдан әрi – Мемлекеттiк тiзiлiм) және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiзiлiмнен шығуы туралы куәлiк беру (бұдан әрi – Шығуы туралы куәлiк), сондай-ақ де Уәкілетті тараптың әуе кемелерін тіркеуден алып тастауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.

      Осы қағидалар Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетiнiң есебiне жататын планерлер, дельтапландар, парапландар, мотопарапландар, метеорологиялық шар-зондтар, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен ұшқышсыз басқарылмайтын аэростаттарды қоспағанда, жеңiл және аса жеңiл авиация әуе кемелерiне қатысты қолданылады.";

      6-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қайтарып алынбайтын өкілеттік - Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға авиациялық жабдық жөніндегі хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін Мемлекеттік тізілімнен шығаруға (тіркеуден алып тастауға) және әуе кемесін әкетуге талап қою құқығы оның пайдасына берілген, заңды және жеке тұлғалардың өкілеттігі.";

      8-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Уәкiлеттi органмен осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалынған азаматтық әуе кемелерiнiң пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актiсiнiң көшiрмесi.";

      10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiзiлiмге мемлекеттiк тiркеу үшiн "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексiмен анықталатын мөлшерде және тәртiппен алым төленедi. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу аталған алым мемлекет бюджетiне төленгеннен кейiн жүргiзiледi.

      11. Азаматтық әуе кемелерiн Мемлекеттiк тiркеудi Азаматтық авиация комитетi осы Қағиданың 7-тармағымен көзделген құжаттар түскен күннен бастап 20 жұмыс күннен кешiктiрмей жүргiзедi.

      12. Өтініш иесі дұрыс емес мәліметтерді немесе құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда, Азаматтық авиация комитеті Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті өтініш берілген күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде бас тарту себебін көрсете отырып жазбаша түрде беруден бас тартады немесе бұрын берілгенінің күшін жояды.";

      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Азаматтық авиация комитетi өтiнiш берушi барлық қажеттi құжаттарды тапсырған күннен бастап 5 жұмыс күн iшiнде оң жақ бұрышында "Телнұсқа" белгiсiнiң мөрi қойылған бланкте тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын бередi.

      21. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын бергенi үшiн "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексiмен анықталған тәртiппен және мөлшерде алым төлейдi.";

      35-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қайтарып алынбайтын өкілеттікті орындау;";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Кепiлдi мемлекеттiк тiркеу үшiн "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексiмен анықталған тәртіппен және мөлшерде алым төленедi.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Әуе кемесін тіркеуден алып тастау және әуе кемесін әкетуге Қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеу үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексімен анықталған тәртіппен және мөлшерде алым төлейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялануын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Мемлекеттік органдардың Интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Жұмағалиев