О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 29 сентября 2004 года № 366-I "Об утверждении Требований к режиму работы железнодорожных станций"

Приказ и.о. Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 6 августа 2013 года № 604. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 августа 2013 года № 8677

      В соответствии с пунктом 2 статьи 17 Закона Республики Казахстан «О железнодорожном транспорте» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 29 сентября 2004 года № 366-I «Об утверждении Требований к режиму работы железнодорожных станций» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан 28 октября 2004 года под № 3175, опубликованный в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2005 г., № 1, ст. 4) следующие изменения:
      в Требованиях к режиму работы железнодорожных станций, утвержденных указанных приказом:
      пункты 4 и 5 изложить в следующей редакции:
      «4. Станция осуществляет производственную деятельность в соответствии с месячными техническими нормами эксплуатационной работы, утверждаемыми начальником станции на основании месячных технических норм эксплуатационной работы, утвержденных Национальным оператором инфраструктуры.
      5. Станция организует работу на основе утвержденных технологического процесса, графика движения, плана формирования поездов и месячных технических нормативов по выгрузке (разгрузке) и простою вагонов, обеспечивая эффективное использование технических средств, сокращение простоя подвижного состава, своевременное и качественное обслуживание пассажиров, грузоотправителей и грузополучателей, выполнение графика движения грузовых и пассажирских поездов, безопасность движения поездов, сохранность подвижного состава и перевозимых грузов.
      Технологический процесс работы станции разрабатывается и утверждается Национальным оператором инфраструктуры.
      Единый технологический процесс работы для промышленных станций и подъездных путей организаций, примыкающих к магистральной железнодорожной сети разрабатывается ветвевладельцем и утверждается Национальным оператором инфраструктуры.».
      2. Комитету транспорта и путей сообщения Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Магзумову Р.К.) обеспечить:
      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, официальное опубликование в средствах массовой информации, в том числе на интернет-ресурсе Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и размещение его на интранет-портале государственных органов Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра                              Р. Скляр

"Темір жол станцияларының жұмыс режиміне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 366-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 06 тамыздағы № 604 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8677 тіркелді

      «Темір жол көлiгі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Темір жол станцияларының жұмыс режиміне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 366-І бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 28 қазанда № 3175 тіркелді, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені», 2005 ж., № 1, 4-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темір жол станцияларының жұмыс режиміне қойылатын талаптарда:
      4 және 5-тармақтар келесі мазмұнда жазылсын:
      «4. Станция Ұлттық инфракұрылым операторы бекіткен пайдалану жұмыстарының айлық техникалық нормалары негізінде станция бастығы бекітетін пайдалану жұмыстарының айлық техникалық нормаларына сәйкес өндірістік қызметті жүзеге асырады.
      5. Станция бекітілген технологиялық процестің, қозғалыс кестесінің, поездарды құрастыру жоспары мен вагондардан жүк түсіру (босату) және бос тұруы жөніндегі айлық техникалық нормативтерінің негізінде, техникалық құралдарды тиімді пайдалануды, жылжымалы құрамның бос тұруын қысқартуды, жолаушыларға, жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға уақтылы және сапалы қызмет көрсетуді, жүк және жолаушы поездарының қозғалысы кестесінің орындалуын, поездар қозғалысы қауіпсіздігін, жылжымалы құрам мен тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ете отырып жұмыстарды ұйымдастырады.
      Станция жұмысының технологиялық процесін Ұлттық инфрақұрылым операторы әзірлейді және бекітеді.
      Өнеркәсіптік станциялар мен МТЖ-ға іргелес кірме жолдар ұйымдары үшін жұмыстың бірыңғай технологиялық процесін тармақ иесі әзірлейді және оны Ұлттық инфрақұрылым операторы бекітеді.».
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Р.Қ. Мағзұмов) осы бұйрықтың:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
      2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің интернет–ресурсында ресми жариялануын және оның Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының интранет–порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          Р. Скляр