Темір жол станцияларының жұмыс режиміне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңартылған

Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 366-І бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3175

     "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған Темір жол станцияларының жұмыс режиміне қойылатын талаптар бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Темір жол көлігі комитеті (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылуын қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі Ю.И.Лавриненкоға жүктелсін.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

     Министр

"Темір жол станцияларының  
жұмыс режиміне қойылатын  
талаптарды бекіту туралы"  
Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникациялар
министрінің 2004 жылғы   
29 қыркүйектегі N 366-І  
бұйрығымен бекітілген   

Темір жол станцияларының жұмыс режиміне
қойылатын талаптар 1. Жалпы ережелер

     1. Осы нормативтік құқықтық кесім "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген, темір жол станциясының (бұдан әрі - станция) жұмысы режиміне қойылатын талаптарды белгілейді.

     2. Станцияның өзінің атауы мен бірыңғай желілік таңбалау бойынша коды белгіленген мөртабандары болуы тиіс.

2. Станция жұмысының режимі

     3. Станция класына және түріне байланыссыз тәуліктік режимде жұмыс істейді.
     Станцияның жұмыс режимі мыналарды қамтамасыз етуге:
     вагон ағындарының кедергісіз қозғалуына;
     жүктерді қабылдау-жөнелту жөніндегі айлық жоспардың орындалуына;
     темір жол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігіне;
     вагондардың жүктерінің уақытылы түсірілуіне бағытталған.

     4. Станция Ұлттық инфракұрылым операторы бекіткен пайдалану жұмыстарының айлық техникалық нормалары негізінде станция бастығы бекітетін пайдалану жұмыстарының айлық техникалық нормаларына сәйкес өндірістік қызметті жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 06.08.2013 № 604 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

     5. Станция бекітілген технологиялық процестің, қозғалыс кестесінің, поездарды құрастыру жоспары мен вагондардан жүк түсіру (босату) және бос тұруы жөніндегі айлық техникалық нормативтерінің негізінде, техникалық құралдарды тиімді пайдалануды, жылжымалы құрамның бос тұруын қысқартуды, жолаушыларға, жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға уақтылы және сапалы қызмет көрсетуді, жүк және жолаушы поездарының қозғалысы кестесінің орындалуын, поездар қозғалысы қауіпсіздігін, жылжымалы құрам мен тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ете отырып жұмыстарды ұйымдастырады.
      Станция жұмысының технологиялық процесін Ұлттық инфрақұрылым операторы әзірлейді және бекітеді.
      Өнеркәсіптік станциялар мен МТЖ-ға іргелес кірме жолдар ұйымдары үшін жұмыстың бірыңғай технологиялық процесін тармақ иесі әзірлейді және оны Ұлттық инфрақұрылым операторы бекітеді.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 06.08.2013 № 604 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

     6. Станция жұмысының технологиялық процесі поездарды қабылдау, жөнелту және қайта құрастыру, жүктерді түсіру (босату) және сұрыптау, жолаушыларға қызмет көрсету, багажды қабылдау мен өңдеу, жылжымалы құрам мен тасымалданатын жүктердің сақталуы, еңбек қауіпсіздігінің талаптарын сақтау, технологиялық операцияларды орындауға арналған уақытты азайту, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес поездарды құрастыру жөніндегі жоспарлық тапсырмалардың орындалуын ескере отырып, еңбекті ғылыми ұйымдастыруды және жаңа техниканы пайдалануды көздеуі тиіс.
     Осы талаптардың орындалуын қамтамасыз етпейтін станция құрылыстарының жұмысы кемшіліктерді жойғанға дейін дереу тоқтатылуы тиіс.

     7. Станцияның техникалық құралдарын пайдалану тәртібі техникалық-басқарушылық актісімен белгіленеді, ол станция бойынша поездардың қауіпсіз және кедергісіз қабылдануын, жөнелтілуі мен өтуін, сондай-ақ маневрлік жұмыстың қауіпсіздігін реттейді.

     8. Станцияның техникалық-басқарушылық актісін станция бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасайды.
     Техникалық-басқарушылық актісіне қосымшалар, сондай-ақ әзірлеу қажеттілігін жұмыстың жергілікті жағдайларын негізге ала отырып станция бастығы белгілейтін өзге де құжаттар әзірленеді.

     9. Станция тасымалдар жөніндегі жоспарлық тапсырмаларға сәйкес жүк жұмысы мен поездар өтуінің орындалуын қамтамасыз етеді.
     Ауысымға арналған станция жұмысының оперативті жоспарын станция бастығы немесе оның орнындағы тұлға бекітеді және оған мыналар:
     1) поездарды қабылдау, жөнелту, тарату мен құрастыру жөніндегі тапсырма;
     2) жүктерді тиеуге және түсіруге (босатуға) арналған тапсырма;
     3) темір жолдарды жөндеу мен күтіп ұстау және станцияларды жайластыру жөніндегі жоспарлық жұмыстармен, сондай-ақ қар жинастыру және қар тазалау машиналарының жұмысымен байланысты тапсырмалар мен станцияның жұмысы бойынша өзге де тапсырмалар енгізіледі.
     Алдағы жұмыстың жоспары, сондай-ақ осы ауысымға қатысты оперативті тапсырмалар станция қызметкерлеріне олардың кезекшілікке кірісер кезінде жарияланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады