Об утверждении перечня персональных данных, необходимого и достаточного для выполнения осуществляемых задач

Приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 13 сентября 2013 года № 281. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 октября 2013 года № 8818. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 января 2018 года № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 22.01.2018 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п.4

      В целях реализации подпункта 1) пункта 2 статьи 25 Закона Республики Казахстан от 21 мая 2013 года "О персональных данных и их защите" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень персональных данных, необходимый и достаточный для выполнения осуществляемых задач.

      2. Департаменту административно-кадровой работы Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего приказа на официальное опубликование в средствах массовой информации в течении десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) опубликование настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на директора Департамента административно-кадровой работы Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 25 ноября 2013 года.

Заместитель Премьер-Министра


Республики Казахстан -


Министр индустрии и новых


технологий Республики Казахстан

А. Исекешев


  Утвержден приказом
Заместителя Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министра индустрии и новых
технологий Республики Казахстан
от 13 сентября 2013 года № 281

Перечень персональных данных,
необходимый и достаточный для выполнения осуществляемых задач

      Общедоступные персональные данные:

      1. Фамилия, имя, отчество (при его наличии);

      2. Сведения о смене фамилии, имени, отчества;

      3. Подпись;

      4. Число, месяц, год рождения;

      5. Место рождения;

      6. Данные документа удостоверяющего личность: наименование документа, номер, дата выдачи, срок действия, орган выдавший документ;

      7. Гражданство (прежнее гражданство), дата приобретения гражданства Республики Казахстан, дата утраты гражданства Республики Казахстан;

      8. Адрес места жительства, дата регистрации по месту жительства или по месту пребывания;

      9. Адрес электронной почты;

      10. Номера контактных телефонов;

      11. Индивидуальный идентификационный номер;

      12. Юридический адрес, дата регистрации (снятия с регистрации) юридического адреса, вид деятельности;

      13. Сведения о номере, серии и дате выдачи трудовой книжки и записей в ней;

      14. Содержание и реквизиты служебного контракта, гражданско-правового договора;

      15. Сведения об имуществе (имущественном положении): автотранспорт (марка, место регистрации), адреса размещения, способ и основание получения объектов недвижимости;

      16. Сведения о государственных и ведомственных наградах, почетных и специальных званиях, поощрениях (в том числе наименование или название награды, звания или поощрения, дата и вид нормативного акта о награждении или дата поощрения);

      17. Материалы по аттестации;

      18. Материалы по внутренним служебным расследованиям;

      19. Медицинское заключение установленной формы;

      20. Сведения о временной нетрудоспособности;

      21. Сведения о социальных льготах и о социальном статусе (серия, номер, дата выдачи, наименование органа, выдавшего документ, являющимся основанием для предоставления льгот и статуса);

      22. Сведения о трудовой деятельности (данные о трудовой деятельности на текущее время с полным указанием должности, структурного подразделения, организации и ее наименования, общий и непрерывный стаж работы, адреса и телефоны, а также реквизиты других организаций с полным наименование занимаемых ранее в них должностей и времени работы в этих организациях);

      23. Сведения об образовании, квалификации и о наличии специальных знаний или специальной подготовки (серия, номер, дата выдачи диплома, свидетельства, аттестата или другого документа об окончании образовательного учреждения, в том числе наименование и местоположение образовательного учреждения, факультет или отделение, квалификация и специальность по окончании образовательного учреждения, ученая степень, ученое звание, владение иностранными языками);

      24. Сведения о повышении квалификации и переподготовке (серия, номер, дата выдачи документа о повышении квалификации или о переподготовке, наименование и местоположение образовательного учреждения, квалификация и специальность по окончании образовательного учреждения);

      25. Сведения о заработной плате (в том числе данные по окладу, надбавкам, налогам);

      26. Сведения о воинском учете военнообязанных лиц и лиц, подлежащих призыву на военную службу (серия, номер, дата выдачи, наименование органа, выдавшего военный билет, военно-учетная специальность, воинское звание, данные о принятии/снятии с учета);

      27. Сведения о семейном положении (состояние в браке, данные свидетельства о заключении брака, фамилия, имя, отчество супруги (а), данные документа удостоверяющего личность супруги (а), степень родства, фамилии, имена, отчества и даты рождения других членов семьи, иждивенцев, наличие детей и их возраст);

      28. Наличие (отсутствие) судимости.

Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 281 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 12 қазанда № 8818 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2018 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Әкімшілік-кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте мыналарды:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Әкімшілік-кадр жұмысы департаментінің директорына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Қазақстан Республикасының Индустрия


және жаңа технологиялар министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2013 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 281 бұйрығымен
бекітілген

Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және
жеткілікті дербес деректердің тізбесі

      Жалпы қолжетімді дербес деректер:

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      2. Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы мәлімет;

      3. Қолы;

      4. Туған жылы, айы, күні;

      5. Туған жері;

      6. Жеке куәлік құжатының деректері: құжаттың атауы, нөмірі, берген күні, қолданылу мерзімі, құжатты берген орган;

      7. Азаматтығы (алдыңғы азаматтығы), Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні, Қазақстан Республикасы азаматтығының күші жойылған күні;

      8. Тұрғылықты мекенжайы, тұрғылықты жері бойынша немесе келген орны бойынша тіркеу күні;

      9. Электрондық почтасының мекенжайы;

      10. Байланыс телефондарының нөмірлері;

      11. Жеке сәйкестендіру нөмірі;

      12. Заңды мекенжайы, заңды мекенжайды тіркеу күні (тіркеуден шығару), қызмет түрі;

      13. Еңбек кітапшасының нөмірі, сериясы және берілген күні және ондағы жазбалар туралы мәліметтер;

      14. Қызметтік келісімшарттың, азаматтық-құқықтық шарттың мазмұны мен деректемелері;

      15. Мүлік туралы мәлімет (мүліктік жағдай): автокөлік (маркасы, тіркеу орны), орналастыру мекенжайы, жылжымайтын мүлік объектілерін алу тәсілі мен негізі;

      16. Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, құрметті және арнайы атақтар, көтермелеулер (оның ішінде награданың, атақтар немесе көтермелеулер атауы немесе аты, марапаттау немесе көтермелеу туралы нормативтік актінің күні мен түрі) туралы мәліметтер;

      17. Аттестациялау бойынша материалдар;

      18. Ішкі қызметтік тергеу бойынша материалдар;

      19. Белгіленген нысандағы медициналық қорытынды;

      20. Уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы мәлімет;

      21. Әлеуметтік жеңілдік туралы және әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер (сериясы, нөмірі, беру күні, жеңілдіктер мен мәртебені ұсыну үшін негіз болып табылатын құжатты берген органның атауы).

      22. Еңбек қызметі туралы мәлімет (лауазымды толық көрсете отырып, ағымдағы уақытқа еңбек қызметі туралы, құрылымдық бөлімшенің, ұйымның және оның атауы туралы деректер, жалпы және үздіксіз жұмыс өтілі, мекенжайлар мен телефондар, сондай-ақ басқа ұйымдардағы бұрын атқарған лауазымның толық атауы мен осы ұйымдарда жұмыс уақытының деректемелері);

      23. Білімі, біліктілігі туралы және арнайы білім немесе арнайы дайындықтың бар-жоғы туралы мәліметтер (білім беру мекемесін аяқтау туралы дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе басқа да құжаттың сериясы, нөмірі, беру күні, оның ішінде білім беру мекемесінің атауы мен орналасқан жері, факультет немесе бөлімше, білім беру мекемесін аяқтау бойынша біліктілігі мен мамандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, шетел тілдерін білуі);

      24. Біліктілікті арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер (біліктілікті арттыру және қайта даярлау туралы құжаттың сериясы, нөмірі, берген күні, білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері, білім беру мекемесін аяқтау бойынша біліктілігі мен мамандығы);

      25. Еңбекақы туралы мәлімет (оның ішінде жалақы, үстемеақы, салықтар бойынша деректер);

      26. Әскери міндетті адамдар мен әскери қызметке шақыруға жататын адамдардың есепке алынуы туралы мәліметтер (әскери билеттің сериясы, нөмірі, оны берген органның атауы, әскери-есепке алу мамандығы, әскери атағы, есепке қою/алу туралы деректер);

      27. Отбасы жағдайы туралы мәлімет (некедегі жағдайы, неке қию туралы куәліктің деректері, әйелінің (күйеуінің) тегі, аты, әкесінің аты, әйелінің (күйеуінің) жеке куәлік құжатының деректері, туыстық дәрежесі, отбасының, бірге тұратын басқа мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты және туған күндері, баланың бар-жоғы және олардың жасы);

      28. Соттылығының болуы (болмауы).