Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 ақпанда № 16320 болып тіркелді

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отқан жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 281 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 8818 нөмірімен тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылғы 15 қаңтарда № 8 (28232) жарияланды);

      2) "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 18 қарашадағы № 899 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 8962 нөмірімен тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 69 (28293) жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Кадр жұмысы департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

 
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 22 қаңтардағы
№ 42 бұйрығымен
бекітілген

Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі

Дербес деректердің атауы

1

Тегі

2

Аты

3

Әкесінің аты (болған жағдайда)

4

Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы мәлімет (болған жағдайда)

5

Тегі мен атының транскрипциясы

6

Туу туралы мәліметтер:
туған күні, айы, жылы;
туған жері;

7

Ұлты

8

Жынысы

9

Жеке куәлік құжатының деректері:
құжаттың атауы;
нөмірі;
берген күні;
қолданылу мерзімі;
құжатты берген орган;

10

Азаматтығы туралы деректер:азаматтығы (бұрынғы азаматтығы);Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні;Қазақстан Республикасының азаматтығын алу негізі;Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған күні;Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу негізі;Қазақстан Республикасының азаматтығын қайта алған күні;Қазақстан Республикасының азаматтығын қайта алу негізі

11

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

12

Портреттік бейнесі (цифрланған суреті)

13

Қолы

14

Тұрғылықты мекенжайы

15

Байланыс телефондарының нөмірлері

16

Электронды поштаның мекенжайы

17

Заңды мекенжайы, заңды мекенжайын тіркеген (тіркеуден шығарған) күні

18

Еңбек кітапшасы туралы мәліметтер:
нөмірі;
сериясы;
берген күні;
ондағы жазбалар;

19

Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, грамоталар, алғыс хаттар туралы мәлімет;
Награда атауы немесе аты;
Марапаттау туралы нормативтік актінің күні мен түрі

20

Медициналық қорытындылардың нәтижелері туралы мәлімет

21

Әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік мәртебе туралы мәліметтер:
жеңілдіктер мен мәртебені ұсыну үшін негіз болып табылатын құжатты берген органның атауы;
құжат, сериясы, нөмірі, берілген күні;
мүгедектік себебі, мүгедектік тобы;
Семей сынақ ядролық полигонында ядролық сынақ салдарынан жапа шеккенге жеңілдіктер құқығын растайтын куәлік;
Арал маңы экологиялық апаты салдарынан жапа шеккенге жеңілдіктер құқығын дәлелдейтін куәлік

22

Ағымдағы уақыттағы еңбек қызметі туралы деректер:
лауазымының, құрылымдық бөліністің, ұйымның, оның атауын толық көрсету;
жалпы және үздіксіз еңбек өтілі;
мекенжайлары және телефондары, сондай-ақ оларда бұрын атқарған лауазымының толық атауын және осы ұйымдарда жұмыс істеген уақытын көрсете отырып, басқа ұйымдардың деректемелері

23

Білімі, біліктілігі және арнайы атақтарының немесе арнайы даярлығының бар-жоғы туралы мәлімет:
оқу орнына түскен күні (оқу орнынан шыққан күні);
дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе білім беру мекемесін бітіргені туралы басқа да құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;
білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері;
факультеті немесе бөлімшесі, білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы;
ғылыми деңгейі;
ғылыми атағы;
шетел тілдерін білу

24

Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер:
біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;
білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері;
білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы

25

Жеке табыс салығы мен мүлік бойынша декларация тапсырылғаны туралы мәліметтер

26

Әскери міндетті адамдарды және әскери қызметке шақыруға жататын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер:
әскери билеттің сериясы, нөмірі, берілген (тапсырған) күні;
әскери билетті берген органның атауы;
әскери есепке алу мамандығы;
әскери атағы;
есепке алу/шығару туралы деректер;
әскери қызметтен босату негізі

27

Жанұялық жағдайы туралы мәлімет:
тұрмыста бар-жоғы;
неке қию туралы куәлік деректері;
неке бұзу туралы куәлік деректері;
жұбайының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
жұбайының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
туыстық деңгейі;
отбасының басқа мүшелерінің, қарауындағы адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және туған күндері;
балаларының (оның ішінде асырап алған, қарауындағы) бар-жоғы және олардың жасы

28

Соттылығының болуы (болмауы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады