Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих органов юстиции Республики Казахстан

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 20 ноября 2013 года № 362. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 декабря 2013 года № 8964. Утратил силу приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 7 июня 2016 года № 408

      Сноска. Утратил силу приказом Министра юстиции РК от 07.06.2016 № 408.

      Во исполнение пункта 2 Указа Президента Республики Казахстан от 1 октября 2013 года № 651 «О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 «О Кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила служебной этики государственных служащих органов юстиции Республики Казахстан.
      2. Департаменту кадровой службы Министерства юстиции Республики Казахстан обеспечить доведение настоящего приказа до каждого сотрудника органов юстиции Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Ответственного секретаря Министерства юстиции Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Б. Имашев

Утверждены        
приказом Министра юстиции
Республики Казахстан   
от 20 ноября 2013 года № 362

Правила
служебной этики государственных служащих органов юстиции
Республики Казахстан

      1. Настоящие Правила служебной этики государственных служащих органов юстиции Республики Казахстан (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 Указа Президента Республики Казахстан от 1 октября 2013 года № 651 «О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 «О Кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан» (далее – Кодекс чести), Законом Республики Казахстан «О государственной службе» и  Законом Республики Казахстан» «О борьбе с коррупцией» (далее – законодательство в сфере государственной службы и о борьбе с коррупцией).
      2. Правила определяют основные нормы поведения государственных служащих и Министерства юстиции Республики Казахстан и его территориальных подразделений (далее – государственные служащие органов юстиции) в ходе исполнения ими своих служебных обязанностей, во взаимоотношениях с коллегами и гражданами.
      3. Государственным служащим органов юстиции в своей служебной деятельности следует:
      1) руководствоваться принципом законности, требованиями Конституции, законов и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан в сфере государственной службы;
      2) проявлять добросовестность, дисциплинированность, ответственность, активность, инициативность и проявлять терпение, вежливость, тактичность и уважение к другим лицам в ходе переговоров (встреч);
      3) уважать честь и достоинство человека и гражданина независимо от происхождения, социального, должностного и имущественного положения, пола, расы, национальности, языка, отношения к религии, убеждений, места жительства и иных обстоятельств;
      4) способствовать укреплению единства народа Казахстана и межнационального согласия в стране, уважительно относиться к государственному и другим языкам, традициям и обычаям народа Казахстана;
      5) быть честными, справедливыми, скромными, соблюдать общепринятые морально-этические нормы, в обращении с гражданами и коллегами проявлять вежливость и корректность;
      6) способствовать сплоченности коллектива в достижении стратегических целей и задач;
      7) повышать свой профессиональный уровень и квалификацию для эффективного исполнения служебных обязанностей;
      8) своими действиями не давать повода для обоснованной критики со стороны общества, не допускать преследования за критику, использовать конструктивную критику для устранения недостатков и улучшения своей деятельности;
      9) надлежаще исполнять свои обязанности, организовывать и планировать работу, с учетом реально складывающейся обстановки;
      11) эффективно использовать рабочее время и воздерживаться от действий, которые мешают другим государственным служащим в коллективе выполнять их трудовые обязанности;
      12) соблюдать служебную субординацию;
      13) обеспечивать сохранность государственной собственности, рационально, эффективно и только в служебных целях использовать вверенную государственную собственность, включая автотранспортные средства;
      14) не допускать совершения действий, способных дискредитировать Республику Казахстан, государственную власть и органы юстиции;
      15) придерживаться делового стиля одежды в ходе исполнения своих служебных обязанностей;
      16) поддерживать и поощрять инициативность государственных служащих при выполнении ими своих функций и обязанностей;
      17) принимать меры по предотвращению и урегулированию конфликта интересов;
      18) принципиально реагировать на факты нарушения требований настоящих Правил, быть готовым поставить, наряду с ответственностью виновных, вопрос и о своей личной ответственности.
      4. Государственным служащим органов юстиции следует соблюдать антикоррупционное поведение, установленное Кодексом чести.
      Если государственный служащий органов юстиции, располагает достоверной информацией о коррупционном правонарушении, сопряженных с коррупцией или создающий условия для коррупции в ходе исполнения ими своих служебных обязанностей необходимо принять меры, установленные законодательством в сфере государственной службы и о борьбе с коррупцией.
      5. Государственным служащим не следует публично выражать свое мнение по вопросам государственной политики и служебной деятельности, если оно:
      1) не соответствует основным направлениям политики государства;
      2) раскрывает служебную информацию, которая не разрешена к обнародованию;
      3) содержит неэтичные высказывания в адрес должностных лиц государства, органов государственного управления, других государственных служащих.
      6. При обращениях государственным служащим органов юстиции физическими и юридическими лицами должно способствовать формированию у последних положительного мнения о культуре поведения и профессионализме государственных служащих органов юстиции.
      7. В органах юстиции не допускаются любые формы дискриминации государственных служащих при принятии кадровых решений, а также любые формы протекционизма, привилегий и льгот отдельным государственным служащим, за исключением случаев, установленных законодательством Республики Казахстан в сферах государственной службы и труда.
      8. Во внеслужебное время государственному служащему органов юстиции необходимо:
      1) придерживаться общепринятых морально-этических норм, не допускать случаев антиобщественного поведения;
      2) не допускать действий, вызывающих негативный общественный резонанс, воздерживаться от поведения, которое может навредить их репутации;
      3) избегать любых личных связей, которые могут скомпрометировать высокое звание сотрудника органов юстиции.
      Во внеслужебных отношениях государственным служащим органов юстиции следует соблюдать требования настоящих Правил и законодательства в сфере государственной службы и о борьбе с коррупцией и избегать всего, что могло бы опорочить авторитет, достоинство государственного служащего органов юстиции или вызвать сомнения в его честности, справедливости, объективности и беспристрастности.

Қазақстан Республикасы әділет органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 14 желтоқсанда № 8964 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 408 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 07.06.2016 № 408 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазанындағы № 651 Жарлығының 2-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы әділет органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы әділет органдары қызметкерлерінің әрқайсысына жеткізуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Б. Имашев

Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің  
2013 жылғы 20 қарашадағы
№ 362 бұйрығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасының әділет органдарының мемлекеттік
қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары

      1. Қазақстан Республикасының әділет органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлығының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына және сәйкес әзірленген (бұдан әрі – Қағида) Жарлығына Заңы және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңына (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет саласындағы және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнама) сәйкес әзірленген.
      2. Қағидалар мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – әділет органдарының мемлекеттік қызметшілері) өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында, әріптестерімен және азаматтармен өзара қарым-қатынастардағы негізгі мінез-құлық нормаларын анықтайды.
      3. Әділет органдарының мемлекеттік қызметшілері өз қызметінде:
      1) мемлекеттік қызмет саласында заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуы;
      2) адалдық, тәртіптілік, жауапкершілік, белсенділік, бастамашылық танытуы және келіссөздер (кездесулер) барысында басқа адамдарға шыдамдылық, сыпайылық, әдептілік және құрмет танытуы;
      3) шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатынасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне және өзге де мән-жайларға қарамастан, адамның және азаматтың ар-намысын және қадір-қасиетін сыйлауы;
      4) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуі, мемлекеттік және басқа да тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауы;
      5) адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық және әдептілік танытуы;
      6) ұжымның стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудегі біртұтастығына ықпал етуі;
      7) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруы;
      8) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауы, сын үшін қудалауға жол бермеуі, орынды сынды кемшіліктерді жою және өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануы;
      9) өзінің міндеттерін тиісті орындауы, жұмысын нақты қалыптасқан жағдайды ескерумен ұйымдастыруы және жоспарлауы;
      11) жұмыс уақытын тиімді пайдалануы және ұжымдағы басқа мемлекеттік қызметшілердің еңбек міндеттерін орындауына кедергі келтіретін іс-әрекеттерді жасамауы;
      12) қызметтік субординацияны сақтауы;
      13) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуі, автокөлік құралдарын қоса алғанда, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануы;
      14) Қазақстан Республикасының, мемлекеттік биліктің және әділет органдарының беделін түсіруге ықпал ететін іс-әрекеттерді жасамауы;
      15) өзінің қызметтік міндеттерін атқару барысында іскерлік киім стилін ұстануы;
      16) мемлекеттік қызметшілердің өздерінің функциялары мен міндеттерін атқару кезіндегі бастамашылығын қолдау және көтермелеу;
      17) мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша шараларды қабылдауы;
      18) осы Қағидалардың талаптарын бұзу фактілеріне қағидатты түрде ден қоюы, айыптының жауапкершілігімен қатар өзінің жеке жауапкершілігі туралы мәселені қоюға дайын болуы тиіс.
      4. Әділет органдарының мемлекеттік қызметшілері Ар-намыс кодексінде белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтауы тиіс.
      Егер әділет органдарының мемлекеттік қызметшісінің өзінің қызметтік міндеттерін атқару барысында сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы дәйекті ақпараты болатын болса, мемлекеттік қызмет саласында және сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы заңнамада белгіленген шараларды қабылдауы қажет.
      5. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызмет мәселелері туралы өзінің пікірін көпшілік алдында білдірмеуі тиіс, егер ол:
      1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін болса;
      2) жария етуге рұқсат берілмеген қызметтік құпияны ашатын болса;
      3) мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер қамтылатын болса.
      6. Жеке және заңды тұлғалар әділет органдарының мемлекеттік қызметшілеріне жүгінген кезде, оларда әділет органдарының мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлық мәдениеті мен біліктілігі туралы оң пікірдің қалыптасуына ықпал етуі тиіс.
      7. Әділет органдарында кадрлық шешімдерді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және еңбек саласындағы Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, протекционизмнің, жекелеген мемлекеттік қызметшілерге жасалатын артықшылық мен жеңілдіктердің кез келген түрін қабылдау кезінде мемлекеттік қызметшілерді кемсітудің кез келген түріне жол берілмейді.
      8. Қызметтік уақыттан тыс кезде әділет органдарының мемлекеттік қызметшілері:
      1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануы, қоғамға қарсы мінез-құлыққа жол бермеуі;
      2) қоғамдық жағымсыз резонанс тудыратын іс-әрекеттерге жол бермеуі, өзінің беделіне нұқсан келтіретін мінез-құлықтан қалыс қалуы;
      3) әділет органдарының қызметкері жоғары атағына кір келтіретін кез келген жеке байланыстардан аулақ болуы тиіс.
      Қызметтен тыс қарым-қатынастарда әділет органдарының мемлекеттік қызметшілері осы Қағидалардың талаптарын және мемлекеттік қызмет саласындағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтауы және әділет органдарының мемлекеттік қызметшісінің беделін, қадір-қасиетін түсіретін немесе оның адалдығына, әділдігіне, объективтiлiгi мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуы тиіс.