«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы әділет органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 362 бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8964 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 ақпандағы № 24 (27645) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қол қойылған күнінен бастап бір аптаның ішінде осы бұйрықтың көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК-на Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілері эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Әділет министрі Б. Имашев