Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляется за счет средств местного бюджета

Постановление акимата Актюбинской области от 28 декабря 2013 года № 428. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 16 января 2014 года № 3740

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 17-3) пункта 1 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый перечень энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляется за счет средств местного бюджета.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Тагимова М.М.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким области
А.Мухамбетов

  Утвержден
постановлением акимата
Актюбинской области
от 28 декабря 2013 года
№ 428

Перечень
энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляется за счет средств местного бюджета

      1. Болезни общие нескольким видам животных: псороптоз, арахнозы.
      Сноска. Пункт 1 перечня с изменением, внесенным постановлением акимата Актюбинской области от 29.12.2015 № 468 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Болезни крупного рогатого скота: гиподерматоз.
      3. Болезни мелкого рогатого скота: гельминтозы, эстроз.
      4. Болезни лошадей: мыт.
      5. Болезни свиней: аскаридоз.

Профилактикасы мен диагностикасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 428 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 қаңтарда № 3740 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 1-тармағы 17-3) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған профилактикасы мен диагностикасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М.Тағымовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкімі
А.Мұхамбетов

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2013 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 428 қаулысымен бекітілген

Профилактикасы мен диагностикасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының
ТІЗБЕСІ

      1. Әртүрлі түліктерге ортақ аурулар: псороптоз, арахноздар.
      Ескерту. Тізбесінің 1 тармаққа өзгеріс енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 29.12.2015 № 468 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мүйізді ірі қара аурулары: гиподерматоз.
      3. Ұсақ қара мал аурулары: гельминтоздар, эстроз.
      4. Жылқы аурулары: сақау.
      5. Шошқа аурулары: аскаридоз.