1. Қоса беріліп отырған профилактикасы мен диагностикасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М.Тағымовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкімі | А.Мұхамбетов |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 428 қаулысымен бекітілген |
Профилактикасы мен диагностикасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының
ТІЗБЕСІ
1. Әртүрлі түліктерге ортақ аурулар: псороптоз, арахноздар.Ескерту. Тізбесінің 1 тармаққа өзгеріс енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 29.12.2015 № 468 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Мүйізді ірі қара аурулары: гиподерматоз.
3. Ұсақ қара мал аурулары: гельминтоздар, эстроз.
4. Жылқы аурулары: сақау.
5. Шошқа аурулары: аскаридоз.