Об установлении охранной зоны и режима природопользования Алакольского государственного природного заповедника на территории Алматинской области

Постановление акимата Алматинской области от 06 февраля 2013 года N 33, зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 04 марта 2013 года N 2309

      Примечание РЦПИ:
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 123 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, статьями 101843 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях", статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", в целях обеспечения особой охраны и защиты Алакольского государственного природного заповедника от неблагоприятного внешнего воздействия, акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить охранную зону шириной не менее двух километров без изъятия у землепользователей и собственников земельных участков, а также режим природопользования Алакольского государственного природного заповедника на территории Алматинской области согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Рекомендовать государственному учреждению "Алакольский государственный природный заповедник" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан обозначить границы охранной зоны на местности специальными знаками.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Досымбекова Тынышбая Досымбековича.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Алматинской области                   А.Мусаханов

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник территориальной
      инспекции лесного и охотничьего
      хозяйства Алматинской области              Мамиев Темирлан Болатович
      06 февраля 2013 года

      Начальник департамента
      экологии по Алматинской области            Малибеков Калижан Асанбекович
      06 февраля 2013 года

      Начальник управления
      природных ресурсов и
      регулирования природопользования
      Алматинской области                        Жухаев Сайлау Жухаевич
      06 февраля 2013 года

Приложение к постановлению
акимата области "Об установлении
охранной зоны и режима
природопользования Алакольского
государственного природного
заповедника на территории
Алматинской области"
от 06 февраля 2013 года N 33

Режим природопользования на территории охранной зоны
Алакольского государственного природного заповедника

      1. В охранной зоне Алакольского государственного природного заповедника (далее – природный заповедник) разрешаются основные виды традиционной хозяйственной деятельности землепользователей, обеспечивающие устойчивое использование природных ресурсов.
      2. В охранной зоне природного заповедника запрещается:
      1) создание новых и расширение существующих населенных пунктов;
      2) размещение, проектирование, строительство и эксплуатация объектов, внедрение новых технологий, оказывающих вредное воздействие на экологические системы;
      3) ведение интенсивных форм сельского и лесного хозяйства с применением токсичных для животного и растительного мира ядохимикатов, удобрений и гербицидов;
      4) выброс в атмосферу и сброс в открытые водные источники и на рельеф загрязняющих веществ и сточных вод, размещение отходов;
      5) добыча полезных ископаемых;
      6) любительская (спортивная) и промысловая охота;
      7) захоронение радиоактивных материалов и промышленных отходов;
      8) деятельность, способная изменить гидрологический режим экологических систем природного заповедника (строительство плотин, дамб, гидротехнических сооружений и других объектов, приводящих к прекращению или снижению естественного стока вод);
      9) интродукция чужеродных видов диких животных и дикорастущих растений;
      10) другая деятельность, способная оказать вредное воздействие на экологические системы природного заповедника.
      3. На территории охранной зоны природного заповедника могут осуществляться различные формы хозяйственной деятельности, не оказывающие негативного воздействия на состояние его экологических систем:
      1) лесохозяйственная деятельность;
      2) традиционное землепользование, включая пастьбу скота и сенокошение, а также иная деятельность в рамках обеспечения долговременной сохранности и неуязвимости биологического разнообразия;
      3) туристская и рекреационная деятельность;
      4) использование минеральных вод, бальнеологических и климатических ресурсов;
      5) промысловое и любительское (спортивное) рыболовство;
      6) проведение наземных и авиационных работ по тушению лесных и степных пожаров;
      7) рекультивация нарушенных земель;
      8) восстановление лесных и иных растительных сообществ;
      9) восстановление среды обитания и численности диких животных;
      10) использование земельных участков для обустройства мест пребывания туристов, устройства питомников для искусственного размножения, выращивания, разведения эндемичных, редких и исчезающих видов растений и животных, а также для строительства служебных зданий (кордонов) для проживания работников природного заповедника, предоставления им служебных земельных наделов.
      4. В охранной зоне природного заповедника при осуществлении видов деятельности, указанных в пункте 3 приложения к постановлению акимата области "Об установлении охранной зоны и режима природопользования Алакольского государственного природного заповедника на территории Алматинской области", должны предусматриваться и осуществляться мероприятия по сохранению среды обитания и условий размножения объектов животного и растительного мира, путей миграции и мест концентрации животных, обеспечиваться неприкосновенность участков, представляющих особую ценность в качестве среды обитания диких животных, а также иных объектов природно-заповедного фонда.

Алматы облысының аумағындағы Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимін белгілеу туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 06 ақпандағы N 33 қаулысы, Алматы облысының Әділет департаментімен 2013 жылы 04 наурызда N 2309 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы  сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 123-бабына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 101843-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл мемлекеттік табиғи қорығын қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету және қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Алматы облысының аумағындағы Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының жер пайдаланушылары мен меншiк иелерiнен жер учаскелерiн алып қоймай, енi кем дегенде екі шақырымнан күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимi белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Алакөл мемлекеттік табиғи қорық" мемлекеттік мекемесіне күзет аймағының шекарасын арнайы белгiлермен белгiлеу ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Тынышбай Досымбекұлы Досымбековке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оны алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкiмi                                А. Мұсаханов

Облыс әкімдігінің
2013 жылғы 06 ақпандағы
"Алматы облысының аумағындағы
Алакөл мемлекеттік табиғи
қорығының күзет аймағы
мен табиғатты пайдалану режимін
белгілеу туралы" N 33 қаулысына
қосымша

Алакөл мемлекеттiк табиғи қорығының күзет аймағындағы табиғатты
пайдалану режимi

      1. Алакөл мемлекеттiк табиғи қорығының (бұдан әрі-табиғи қорық) күзет аймағында жер пайдаланушылардың табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететiн дәстүрлi шаруашылық қызметінің негізгі түрлерiне рұқсат етiледi.
      2. Табиғи қорықтың күзет аймағында мыналарға тыйым салынады:
      1) жаңа елдi мекендер құруға және бар елдi мекендердi кеңейтуге;
      2) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн объектiлердi орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгiзуге;
      3) жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн зәрлi улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтер қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивтi нысандарын енгiзуге;
      4) атмосфераға және ашық су көздерi мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;
      5) пайдалы қазбалар өндiруге;
      6) әуесқойлық (спорттық) және кәсiпшiлiк аң аулауға;
      7) радиоактивтi материалдар мен өнеркәсiп қалдықтарын көмуге;
      8) Табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiнiң гидрологиялық режимiн өзгертетiн қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектiлер салуға;
      9) жабайы жануарлар мен жабайы өсiмдiктердiң бөтен түрлерiн жерсiндiруге;
      10) Табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн басқа да қызметке тыйым салынады.
      3. Табиғи қорықтың күзет аймағында оның экологиялық жүйесiне келеңсiз әсер етпейтiн шаруашылық әрекеттiң әр алуан түрлерi жүзеге асуы мүмкiн:
      1) орман шаруашылық әрекеті;
      2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлi жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзiмдi сақтау мен оның берiктiгiн қамтамасыз ету шеңберiндегi өзге де қызмет;
      3) туристiк және рекреациялық қызмет;
      4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;
      5) кәсiпшiлiк және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
      6) орман және дала өрттерiн сөндiру жөнiнде жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзу;
      7) бүлiнген жерлердi рекультивациялау;
      8) орман және өзге де өсiмдiк қауымдастықтарын қалпына келтiру;
      9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтiру;
      10) жер учаскелерiн туристер болатын жерлердi жайластыру, өсiмдiктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетiн және құрып бара жатқан түрлерiн жасанды жолмен көбейту, өсiру, өндiру үшiн питомниктер салу, табиғи қорық қызметкерлерiнiң тұруы үшiн қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерiн беру үшiн пайдалану.
      4. Табиғи қорықтың күзет аймағында "Алматы облысының аумағындағы Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимін белгілеу туралы" облыс әкімдігі қаулысына қосымшаның 3 тармағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру кезiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретiнде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ табиғи қорық қорының өзге объектiлерiне қол сұғылмауы қамтамасыз етiлуге тиiс.