Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам

Постановление акимата города Капшагай Алматинской области от 19 декабря 2013 года N 689. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 13 января 2014 года N 2556. Утратило силу постановлением акимата города Капшагай Алматинской области от 09 ноября 2015 года № 599

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Капшагай Алматинской области от 09.11.2015 № 599.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат города Капшагай ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить дополнительный перечень следующих лиц, относящихся к целевым группам, исходя из ситуации на рынке труда и бюджетных средств:
      лица, не работавшие два и более месяцев;
      лица, ранее не работавшие;
      молодежь в возрасте от двадцати одного года до двадцати девяти лет;
      лица, не имеющие в семье ни одного работающего;
      выпускники организаций технического и профессионального образования;
      лица старше пятидесяти лет.
      2. Признать утратившим силу постановление акимата города Капшагай от 12 марта 2012 года N 120 "Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам" (зарегистрированный в Реестре нормативных правовых актов 03 апреля 2013 года N 2-2-135 опубликованный в газете "Бизнес Дайджест Капшагая" N 13 (186) от 12 апреля 2012 года).
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего (вопросы социальной сферы) заместителя акима города.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким города Н. Таубаев

Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы N 689 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментімен 2014 жылы 13 қаңтарда N 2556 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қарашадағы № 599 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 09.11.2015 № 599 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:
      екі және одан да көп ай жұмыс істемейтін адамдар;
      бұрын жұмыс істемеген адамдар;
      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      отбасында бірде-бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ тұлғалар;
      техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;
      елу жастан үлкен тұлғалар.
      2. Қапшағай қаласы әкімдігінің 2012 жылы 12 наурыздағы "Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 03 сәуірдегі N 2-2-135 болып енгізіліп, "Бизнес Дайджест Капшагая" газетінің 2012 жылдың 12 сәуірдегі N 13(186) санында жарияланған) N 120 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Таубаев