Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 26.12.2023 № 1292 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2-тармақшасына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:
екі және одан көп ай жұмыс істемейтін тұлғалар;
бұрын жұмыс істемеген тұлғалар;
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
елу жастан асқан тұлғалар.
ауылды жерлерде тұратын әйелдер;
2. Қапшағай қаласы әкімдігінің 2013 жылы 19 желтоқсандағы "Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 13 қаңтарда № 2556 болып енгізіліп, "Нұрлы Өлке" газетінің 2014 жылғы 23 қаңтарда №05(258) санында жарияланған) № 689 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (Инкарбекова А.С.) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және қалалық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Кикимов |