Об установлении ветеринарного режима с введением ограничительных мероприятий на территории сел Карикорган и Шынбулак Жетитобинского сельского округа

Решение акима Жетитобинского сельского округа Жуалынского района Жамбылской области от 9 августа 2013 года № 20. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 28 августа 2013 года № 1997

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьями 10-127 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года «О ветеринарии» и на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Жуалынского района за № 06-02/65 от 2 мая 2013 года РЕШИЛ:
      1. В связи с выявлением эпизоотического очага бруцеллеза мелкого рогатого скота установить ветеринарный режим с введением ограничительных мероприятий на территории сел Карикорган и Шынбулак Жетитобинского сельского округа.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на главного специалиста ветеринара аппарата акима Жетитобинского сельского округа Сирлибая Валиевича Наврузкулова.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      
      Исполняющий обязанности
      акима сельского округа                     Б. Сулейманов

«СОГЛАСОВАНО»:
Руководитель государственного учреждения
«Управление государственного санитарно-эпидемиологического
надзора по Жуалынскому району»
М. Искаков
15 августа 2013 год

Руководитель государственного учреждения
«Отдел внутренних дел Жуалынского района
Департамента внутренних дел Жамбылской области»
Б.А. Буркитбаев
15 августа 2013 год

Руководитель государственного учреждения
«Жуалынская районная территориальная
инспекция Комитета ветеринарного
контроля и надзора Министерства сельского
хозяйства Республики Казахстан»
Е. Ошанов
15 августа 2013 год

Жетітөбе ауылдық округінің Қәріқорған және Шыңбұлақ ауылдары аумағына шектеу іс - шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 20 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 тамызда № 1997 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-127 баптарына сәйкес және Жуалы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 06-02/65 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұсақ мүйізді малдардан бруцеллездің эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Жетітөбе ауылдық округінің Кәріқорған және Шыңбұлақ ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жетітөбе ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринар бас маманы Сирлибай Валиевич Наврузкуловқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      
      Ауылдық округі әкімінің
      міндетін атқарушы                          Б. Сулейманов

«КЕЛІСІЛДІ»:
«Жамбыл облысы ішкі істер
Департаментінің Жуалы аудандық
ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.А. Бүркітбаев
15 тамыз 2013 жыл

«Жуалы ауданы бойынша Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
М. Искаков
15 тамыз 2013 жыл

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Жуалы аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е. Ошанов
15 тамыз 2013 жыл