Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Южно-Казахстанской области

Решение областного маслихата Южно-Казахстанской области от 10 декабря 2013 года № 21/179-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 13 января 2014 года № 2496. Утратило силу решением Туркестанского областного маслихата от 28 августа 2018 года № 29/316-VI

      Сноска. Утратило силу решением Туркестанского областного маслихата от 28.08.2018 № 29/316-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Южно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое положения о награждении Почетной грамотой Южно-Казахстанской области.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      областного маслихата Ш.Жамалбек
      Секретарь областного
      маслихата К.Ержан

  Утверждено
решением Южно-Казахстанского
областного маслихата
от 10 декабря 2013 года № 21/179-V

Положение
о награждении Почетной грамотой Южно-Казахстанской
области

      1. Настоящее положение о награждении Почетной грамотой Южно-Казахстанской области разработано в целях реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      2. Почетной грамотой Южно-Казахстанской области (далее – Грамота) награждаются граждане, трудовые коллективы и организации в знак признания заслуг перед Южно-Казахстанской областью, внесшие значительный вклад в ее социально-экономическое развитие, добившиеся общественного признания и конкретных результатов в масштабах области в сфере производства, бизнесе, образовании, здравоохранении, науке, культуре, творчестве, спорте, обеспечении законности, охране общественного порядка, в деятельности по обеспечению и защите прав и свобод граждан, на государственной и воинской службе, в общественно-политической и благотворительной деятельности, защите окружающей среды, расширении культурных и экономических связей с другими регионами, укреплении межнационального согласия и дружбы между народами.

      3. Представления к награждению Грамотой вносят в Южно-Казахстанский областной маслихат депутаты Южно-Казахстанского областного маслихата, аким Южно-Казахстанской области, руководители исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета Южно-Казахстанской области, территориальные подразделения центральных государственных органов, действующих на территории Южно-казахстанской области, маслихаты и акимы районов и городов Южно-Казахстанской области, коллегиальные органы общественных и религиозных объединений Южно-Казахстанской области.

      4. К представлению прилагается наградной лист установленного образца, в котором излагаются конкретные заслуги перед областью кандидатов к награждению Грамотой.

      5. Предварительное рассмотрение поступивших в Южно-Казахстанский областной маслихат представлений и подготовку предложений о награждении Грамотой осуществляет одна из постоянных комиссий Южно-Казахстанского областного маслихата.

      6. В случае если представленная кандидатура или наградные материалы не отвечают требованиям, установленным настоящим положением, данное предложение на рассмотрение сессии не вносится.

      7. Решение о награждении Грамотой принимается на сессии Южно-Казахстанского областного маслихата.

      8. В исключительных случаях, связанных с юбилейными датами, другими торжественными событиями, вопрос о награждении Грамотой может рассматриваться и решаться секретарем Южно-Казахстанского областного маслихата, по согласованию с председателями сессии и постоянных комиссий Южно-Казахстанского областного маслихата.

      9. Решение о награждении Грамотой доводится до населения области через средства массовой информации.

      10. Повторное награждение Грамотой не производится.

      11. Вручение Грамоты осуществляется секретарем Южно-Казахстанского областного маслихата или уполномоченными им лицами на сессии Южно-Казахстанского областного маслихата, а также на официальных торжественных мероприятиях, проводимых в Южно-Казахстанской области.

      Перед вручением Грамоты оглашается решение о награждении.

Оңтүстік Қазақстан облысының құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/179-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 қаңтарда № 2496 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 29/316-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 28.08.2018 № 29/316-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса тіркелген Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Ш.Жамалбек
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Ержан

  Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2013 жылғы
10 желтоқсандағы 21/179-V
шешімімен бекітілді

Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

      1. Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында жасалды.

      2. Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен (әрі қарай – Грамота) Оңтүстік Қазақстан облысының алдында сіңірген еңбегін тану белгісінде, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқаны, облыс көлемінде өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, шығармашылық, спорт салаларында, заңдылықты қамтамасыз етуде, қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың құқы мен бостандығын қорғау және қамтамасыз ету жөніндегі қызметте, мемлекеттік және әскери қызметте, қоғамдық-саяси және қайырымдылық қызметтерде, қоршаған ортаны қорғауда, өзге өңірлермен мәдени және экономикалық байланыстарды кеңейтуде, халықтар арасындағы достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуда қол жеткізген нақты нәтижелер мен қоғамдық мойындауға қол жеткізгені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.

      3. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына Грамотамен наградтауға ұсынымды Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары мен қалаларының мәслихаттары және әкімдері, Оңтүстік Қазақстан облысының қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.

      4. Ұсынымға Грамотамен наградталатын кандидаттардың облыс алдындағы нақты еңбектері мазмұндалған белгіленген үлгідегі марапаттау қағазы қоса беріледі.

      5. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына келіп түскен ұсынымды алдын ала қарау және Грамотамен наградтау туралы ұсынысты дайындауды Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірі жүзеге асырады.

      6. Егер ұсыным берілген кандидатура немесе наградтау материалдары осы ережемен белгіленген талаптарға жауап бермесе, ол ұсыныс сессияның қарауына енгізілмейді.

      7. Грамотамен наградтау туралы шешім Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясында қабылданады.

      8. Мерейтойларға, басқа да салтанатты оқиғаларға байланысты ерекше жағдайларда Грамотамен наградтау туралы мәселе Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының сессиялары және тұрақты комиссиялар төрағаларының келісімімен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысымен қаралуы және шешілуі мүмкін.

      9. Грамотамен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс халқына жеткізіледі.

      10. Грамотамен қайта наградтау жүргізілмейді.

      11. Грамота Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысымен немесе соған уәкілдік берілген тұлғалармен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында өткізілетін ресми салтанатты шараларда табыс етіледі.

      Грамотаны тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.