"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.
2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/179-V "Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2496-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 20 қаңтарда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Түркістан облыстық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Түркістан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;
4) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Б. Мұсабеков |
Облыстық мәслихат хатшысы | Қ. Балабиев |
Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 29/316-VІ шешімімен бекітілді |
Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
1. Осы Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
2. Түркістан облысының Құрмет грамотасымен (әрі қарай – Грамота) Түркістан облысы алдындағы сіңірген еңбегін танудың белгісі ретінде, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан, облыс көлемінде өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, шығармашылық, спорт салаларында, заңдылықты қамтамасыз етуде, қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау жөніндегі қызметте, мемлекеттік және әскери қызметте, қоғамдық-саяси және қайырымдылық қызметте, қоршаған ортаны қорғауда, өзге өңірлермен мәдени және экономикалық байланыстарды кеңейтуде, халықтар арасындағы достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуда нақты нәтижелерге қол жеткізген және қоғамның құрметіне ие болған азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.
3. Түркістан облыстық мәслихатына Грамотамен наградтауға ұсынымды Түркістан облыстык мәслихатының депутаттары, Түркістан облысының әкімі, Түркістан облысының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, Түркістан облысының аумағында әрекет ететін мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, Түркістан облысы аудандары мен қалаларының әкімдері, аудандық және қалалық мәслихаттары, Түркістан облысының аумағында әрекет ететін қоғамдық және діни бірлестіктердің алқалық органдары енгізеді.
4. Ұсынымға Грамотамен наградтауға ұсынылған кандидаттардың облыс алдындағы нақты еңбектері жазылған белгіленген үлгідегі марапаттау қағазы қоса беріледі.
5. Түркістан облыстық мәслихатына келіп түскен ұсынымдарды алдын ала қарау және Грамотамен наградтау туралы ұсыныстарды дайындауды Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірі жүзеге асырады.
6. Егер ұсынылған кандидатура немесе наградтау материалдары осы Ережеде белгіленген талаптарға сай келмесе, ол ұсыныс сессияның қарауына енгізілмейді.
7. Грамотамен наградтау туралы шешім Түркістан облыстық мәслихатының сессиясында қабылданады.
8. Мерейтойларға, басқа да салтанатты жағдайларға байланысты ерекше реттерде Грамотамен наградтау туралы мәселені Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары төрағаларының келісімімен Түркістан облыстық мәслихатының төрағасымен қаралуы және шешілуі мүмкін.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облыстық мәслихатының 30.09.2024 № 12/173-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9. Грамотамен наградтау туралы шешім облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
10. Грамотамен қайта наградтау жүргізілмейді.
11. 11. Грамотаны Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы немесе ол уәкілдік берген тұлғалар Түркістан облыстық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Түркістан облысында өткізілетін ресми салтанатты шараларда табыс етеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облыстық мәслихатының 30.09.2024 № 12/173-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.