О предоставлении в 2013 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Байдибекского района

Решение Байдибекского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 26 марта 2013 года № 11/58. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 12 апреля 2013 года № 2263. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо Байдибекского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 20 января 2014 года № 11)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо Байдибекского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 20.01.2014 № 11).

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 2 Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 и заявлением районного акима, Байдибекский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. С учетом потребности в специалистах сфер здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Байдибекского района, предоставить в 2013 году подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю и социальную поддержку для приобретения или строительства жилья в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратный размер месячного расчетного показателя на одного специалиста.
      2. Бюджетный кредит на приобретение или строительство жилья для специалистов предоставляется сроком на пятнадцать лет;
      ставка вознаграждения по кредиту устанавливается в размере 0,01 % годовых от суммы кредита.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 
      Председатель сессии районного маслихата    А. Мырзалиев
      
      Секретарь районного маслихата              С. Спабеков
 


Бәйдібек ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 наурыздағы № 11/58 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 12 сәуірде № 2263 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 11 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 20.01.2014 № 11 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына және аудан әкімінің мәлімдемесіне сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШТI:
      1. Бәйдібек ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, 2013 жылы бiр маманға жетпiс еселік айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі;
      кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасының жылдық 0,01 % мөлшерінде белгіленеді.
      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы:    Ә.Мырзалиев

      Аудандық мәслихат хатшысы:                 С.Спабеков