Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов, лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Постановление акимата города Курчатов Восточно-Казахстанской области от 14 августа 2013 года № 45. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 09 сентября 2013 года № 3058. Утратило силу - постановлением акимата города Курчатов Восточно-Казахстанской области от 10 февраля 2016 года № 361

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Курчатов Восточно-Казахстанской области от 10.02.2016 № 361.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 7) статьи 18 Трудового Кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, подпунктами 5-2), 5-5) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", подпунктом 1) статьи 31 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", в целях социальной защиты инвалидов, лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, испытывающих трудности в поиске работы и для обеспечения их занятости, акимат города Курчатов ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить:
      1) квоту рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест в организациях;
      2) квоту рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы в размере один процент от общей численности рабочих мест.
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима Азимханова С. Ш.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким города Курчатов Д. ГАРИКОВ

      

Мүгедектер үшін, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 14 тамыздағы N 45 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 09 қыркүйекте N 3058 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 361 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 10.02.2016 № 361 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабы 7) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5-2), 5-5) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық көріп жүрген мүгедектерді, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Белгіленсін:
      1) Ұйымдарда жалпы жұмыс орындарының санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы;
      2) Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға жалпы жұмыс орындарының санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкім орынбасары С. Ш. Әзімхановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Курчатов қаласының әкімі Д. ГАРИКОВ