Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабының 1 тармақшасына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Курчатов қаласы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын:
1) "Мүгедектер үшін, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2013 жылғы 14 тамыздағы № 45 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылдың 09 қыркүйегіндегі 3058 нөмірімен тіркелген, "7 дней" газетінде 2013 жылғы 19 қыркүйегіндегі № 38 (944) жарияланған);
2) "Курчатов қаласының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасмалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" 2015 жылғы 21 шілдедегі № 204 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 30 шілдедегі 4075 нөмірімен тіркелген, "7 дней" газетінде 2015 жылғы 13 тамыздағы № 33 (1043) жарияланған).
Қала әкімі | Н. Нұрғалиев |