О предоставлении в 2014 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты

Решение Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 25 декабря 2013 года N 21-11/5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 21 января 2014 года N 3172. Утратило силу - решением Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 23 декабря 2014 года N 29-8/4

      Сноска. Утратило силу - решением Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 23.12.2014 N 29-8/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      Сноска. Заголовок - в редакции решения Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 31.10.2014 № 28-2/1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктами 8,9 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", пунктом 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" Зайсанский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района, следующие меры социальной поддержки:
      1) подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю;
      2) бюджетный кредит для приобретения или строительства жилья в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.
      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 31.10.2014 № 28-2/1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого его официального опубликования.

      Председатель сессии М. Ануаров
      Секретарь районного маслихата Д. Ыдырышев

2014 жылға арналған ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы N 21-11/5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қаңтарда N 3172 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы N 29-8/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 23.12.2014 N 29-8/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 28-2/1 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 18–бабының 8, 9-тармақтарына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТI:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына келесі әлеуметтiк қолдау шаралары ұсынылсын:
      1) жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 28-2/1 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы М. Әнуаров
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Ыдырышев