Об утверждении отраслевой системы поощрения

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 30 июля 2014 года № 302. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 августа 2014 года № 9679. Утратил силу приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 12 октября 2015 года № 324

      Сноска. Утратил силу приказом Министра культуры и спорта РК от 12.10.2015 № 324.

      В соответствии с подпунктом 5) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 3 июля 2014 года «О физической культуре и спорте» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемую отраслевую систему поощрения.
      2. Департаменту административной и кадровой работы (Абилова Г.Т) в установленном законодательством порядке:
      1) представить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан обеспечить официальное опубликование настоящего приказа в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет».
      3. Признать утратившим силу приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 2 ноября 2012 года № 344 «Об утверждении отраслевой системы поощрения Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8164).
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Ответственного секретаря Кәкен Қ.Ғ.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Председатель

Т. Есентаев


Утверждена приказом
Председателя Агентства
Республики Казахстан
по делам спорта и физической
культуры от 30 июля 2014 года
№ 302

Отраслевая система поощрения

1. Общие положения

      1. Настоящая отраслевая система поощрения Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры (далее – Поощрения) разработана в соответствии с Законом Республики Казахстан «О физической культуре и спорте», Положением об Агентстве Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры, утвержденном постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 февраля 2012 года № 244 «Вопросы Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры», в целях стимулирования работников отрасли физической культуры и спорта за вклад в развитие отрасли в Республике Казахстан.
      2. В целях поощрения работников отрасли физической культуры и спорта устанавливаются следующие виды поощрения:
      1) Почетная грамота Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры (далее – Почетная грамота);
      2) Благодарность Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры (далее – Благодарность).
 

2. Условия поощрения Почетной грамотой и Благодарностью

      3. Лицами, претендующими на поощрение Почетной грамотой являются государственные служащие, работники подведомственных организаций Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры (далее – Агентство), организаций отрасли физической культуры и спорта, ветераны спорта и лица, внесшие вклад в развитие отрасли физической культуры и спорта в Республике Казахстан.
      4. Лицами, претендующими на объявление Благодарности являются государственные служащие, работники подведомственных организаций Агентства, организаций отрасли физической культуры и спорта, меценаты, спонсоры, и лица, внесшие вклад в развитие отрасли физической культуры и спорта в Республике Казахстан.
      5. Основными показателями для поощрений Агентства, характеризующими результаты деятельности и дающими право на поощрение, являются:
      1) вклад в развитие физической культуры и спорта Республики Казахстан, активное участие в подготовке квалифицированных кадров отрасли физической культуры и спорта;
      2) образцовое исполнение служебных обязанностей, реализация государственной политики в отрасли физической культуры и спорта;
      3) творческая активность, безупречная служба, достижения в профессиональной и трудовой деятельности;
      4) достижения в реализации региональных, республиканских и международных программ и проектов в сфере физической культуры и спорта;
      5) научные исследования и наработки по актуальным проблемам развития спорта;
      6) активное участие в международных, республиканских, межрегиональных спортивных мероприятиях.
      6. Одно и то же лицо не может дважды представляться к награждению Почетной грамотой в течение пяти лет.
      7. Поощрение Почетной грамотой, объявление Благодарности производится на основании представления руководителя структурного подразделения Агентства, подведомственных организаций Агентства, местных исполнительных органов областей, городов Алматы и Астаны по вопросам физической культуры и спорта, организации отрасли физической культуры и спорта, независимо от форм собственности, общественного объединения, федерации по видам спорта или лиц, их замещающих.
      8. Срок рассмотрения представления на поощрение составляет 30 рабочих дней со дня поступления в Агентство.
      9. Поощрение осуществляется на основании приказа Председателя Агентства или лица, исполняющего его обязанности.
 

3. Заключительные положения

      10. Вручение Почетной грамоты и объявление Благодарности производится в торжественной обстановке Председателем, или в случае его отсутствия лицом, его замещающим, либо уполномоченными им должностными лицами.
      11. Кадровая служба государственного органа или другой организации вносит соответствующую запись о поощрении в трудовую книжку и личное дело работника, с указанием даты и номера приказа.
 

Салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 30 шілдедегі № 302 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9679 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 324 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 12.10.2015 № 324 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Салалық көтермелеу жүйесі бекітілсін.
      2. Әкімшілік және кадр жұмысы департаменті (Ғ.Т.Әбілова) заңнамамен бекітілген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» 2012 жылғы 2 қарашадағы № 344 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8164 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Қ.Ғ.Кәкенге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Төраға

Т. Есентаев


Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 30 шілдедегі
№ 302 бұйрығымен
бекітілген

Салалық көтермелеу жүйесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің салалық көтермелеу жүйесі (бұдан әрі – Көтермелеу) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес, дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлерін Қазақстан Республикасында осы саланы дамытуға үлес қосқан ынталандыру мақсатында әзірленген.
      2. Дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлерін көтермелеу мақсатында төмендегі көтермелеу түрлері белгіленеді:
      1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Құрмет грамотасы (бұдан әрі – Құрмет грамотасы);
      2) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының алғысы (бұдан әрі – Алғыс).
 

2. Құрмет грамотасымен және Алғыспен көтермелеу талаптары

      3. Мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, дене шынықтыру және спорт саласы ұйымдарының қызметкерлері, спорт ардагерлері және Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға үлес қосқан тұлғалар Құрмет грамотасымен көтермелеуге үміткер тұлғалар болып табылады.
      4. Мемлекеттік қызметшілер, Агенттікке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, дене шынықтыру және спорт саласы ұйымдарының қызметкерлері, меценаттар, демеушілер және Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға үлес қосқан тұлғалар Алғыс жариялауға үміткер тұлғалар болып табылады.
      5. Қызмет нәтижелерін сипаттайтын және Агенттіктің көтермелеуге құқық беретін негізгі көрсеткіштері мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытуға қосқан үлесі, дене шынықтыру және спорт саласының білікті кадрларын даярлауға белсенді қатысу;
      2) қызметтік міндеттерді үлгілі орындау, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      3) шығармашылық белсенділік, мінсіз қызмет, кәсіптік және еңбек қызметіндегі жетістіктер;
      4) дене шынықтыру және спорт аясында өңірлік, республикалық және халықаралық бағдарламаларды және жобаларды іске асырудағы жетістіктер;
      5) спортты дамытудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер;
      6) халықаралық, республикалық, өңіраралық спорттық іс-шараларға белсенді қатысу.
      6. Бір тұлға Құрмет грамотасымен марапаттауға бес жыл ішінде екі рет ұсынылмайды.
      7. Агенттіктің құрылымдық бөлімшесінің, Агенттіктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша Алматы және Астана қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органдардың, (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар), меншік нысанына қарамастан дене шынықтыру және спорт саласы мекемелерінің, қоғамдық бірлестіктердің, спорт түрлері бойынша федерациялардың басшыларының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың ұсынымдары негізінде Құрмет грамотасымен марапаттау, Алғыс жариялау жүзеге асырылады.
      8. Көтермелеуге ұсынымдарды қарау мерзімі Агенттікке келіп түскен күннен бастап 30 жұмыс күнін құрайды.
      9. Көтермелеу Агенттік Төрағасының немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғаның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
 

3. Қорытынды ережелер

      10. Құрмет грамотасын табыстауды және Төрағаның алғысын жариялауды Төраға немесе оны алмастыратын тұлға, не болмаса ол болмаған кезде оның уәкілетті лауазымды тұлғалары салтанатты түрде жүзеге асырады.
      11. Мемлекеттік органның немесе басқа да ұйымның кадр қызметі қызметкердің еңбек кітапшасына және жеке іс-қағазына бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып, көтермелеу туралы тиісті жазба енгізеді.