Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 02 қарашадағы № 344 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8164 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 30 шілдедегі № 302 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 30.07.2014 № 302 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің салалық көтермелеу жүйесі бекітілсін.
      2. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ғ.Әбілова) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы» 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № 1-1-2/327 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1734 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жылы, № 12, 559 б.) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ә.Х. Пірметовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Т. Ермегияев

Қазақстан Республикасы  
Спорт және дене шынықтыру 
істері агенттігі төрағасының
2012 жылғы 2 қарашадағы  
№ 344 бұйрығымен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері
агенттігінің cалалық көтермелеу жүйесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің салалық көтермелеу жүйесі (бұдан әрі – Көтермелеу) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ережеге сәйкес, дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлерін Қазақстан Республикасында осы саланы дамытуға үлес қосқан ынталандыру мақсатында әзірленген.
      2. Дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлерін көтермелеу мақсатында төмендегі көтермелеу түрлері белгіленеді:
      1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Құрмет грамотасы (бұдан әрі – Құрмет грамотасы);
      2) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының алғысы (бұдан әрі – Алғыс).

2. Құрмет грамотасымен және Алғыспен көтермелеу талаптары

      3. Мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, дене шынықтыру және спорт саласы ұйымдарының қызметкерлері, спорт ардагерлері және Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға үлес қосқан тұлғалар Құрмет грамотасымен көтермелеуге үміткер тұлғалар болып табылады.
      4. Мемлекеттік қызметшілер, Агенттікке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, дене шынықтыру және спорт саласы ұйымдарының қызметкерлері, меценаттар, демеушілер және Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға үлес қосқан тұлғалар Алғыс жариялауға үміткер тұлғалар болып табылады.
      5. Қызмет нәтижелерін сипаттайтын және Агенттіктің көтермелеуге құқық беретін негізгі көрсеткіштері мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытуға қосқан үлесі, дене шынықтыру және спорт саласының білікті кадрларын даярлауға белсенді қатысу;
      2) қызметтік міндеттерді үлгілі орындау, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      3) шығармашылық белсенділік, мінсіз қызмет, кәсіптік және еңбек қызметіндегі жетістіктер;
      4) дене шынықтыру және спорт аясында өңірлік, республикалық және халықаралық бағдарламаларды және жобаларды іске асырудағы жетістіктер;
      5) спортты дамытудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер;
      6) халықаралық, республикалық, өңіраралық спорттық іс-шараларға белсенді қатысу.
      6. Бір тұлға Құрмет грамотасымен марапаттауға бес жыл ішінде екі рет ұсынылмайды.
      7. Агенттіктің құрылымдық бөлімшесінің, Агенттіктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша Алматы және Астана қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органдардың, (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар), меншік нысанына қарамастан дене шынықтыру және спорт саласы мекемелерінің, қоғамдық бірлестіктердің, спорт түрлері бойынша федерациялардың басшыларының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың ұсынымдары негізінде Құрмет грамотасымен марапаттау, Алғыс жариялау жүзеге асырылады.
      8. Көтермелеуге ұсынымдарды қарау мерзімі Агенттікке келіп түскен күннен бастап 30 жұмыс күнін құрайды.
      9. Көтермелеу Агенттік Төрағасының немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғаның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

3. Қорытынды ережелер

      10. Құрмет грамотасын табыстауды және Төрағаның алғысын жариялауды Төраға немесе оны алмастыратын тұлға, не болмаса ол болмаған кезде оның уәкілетті лауазымды тұлғалары салтанатты түрде жүзеге асырады.
      11. Мемлекеттік органның немесе басқа да ұйымның кадр қызметі қызметкердің еңбек кітапшасына және жеке іс-қағазына бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып, көтермелеу туралы тиісті жазба енгізеді. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады