Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Есильского района

Решение Есильского районного маслихата Акмолинской области от 27 февраля 2014 года № 29/11. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 8 апреля 2014 года № 4079. Утратило силу решением Есильского районного маслихата Акмолинской области от 23 декабря 2016 года № 10/6

      Сноска. Утратило силу решением Есильского районного маслихата Акмолинской области от 23.12.2016 № 10/6 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Есильский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Есильского района.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Председатель сессии
районного маслихата
С.Тулебаев
      Секретарь
районного маслихата
С.Кудабаев

      СОГЛАСОВАНО
      Аким Есильского района К.Рахметов

  Утверждены
решением Есильского
районного маслихата
от 27 февраля 2014 года № 29/11

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Есильского района
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Есильского района (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", а также Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества, утвержденными Постановлением Правительства Республики Казахстан 18 октября 2013 года № 1106 и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома города Есиль, сел, поселка Красногорский, сельских округов Есильского района.
      2. Раздельный сход местного сообщества жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома (далее - раздельный сход) на территории города Есиль, сел, поселка Красногорский, сельских округов Есильского района созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом города Есиль, села, поселка Красногорский, сельского округа.
      Проведение раздельных сходов допускается при наличии положительного решения акима Есильского района на проведение схода местного сообщества.
      4. О времени, месте созыва раздельных сходов и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через районную газету "Жаңа Есіл".
      5. Проведение раздельного схода в пределах села, улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом города Есиль, села, поселка Красногорский, сельского округа.
      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать.
      7. Раздельный сход открывается акимом города Есиль, села, поселка Красногорский, сельского округа или уполномоченным им лицом.
      Председателем раздельного схода является аким города Есиль, села, поселка Красногорский, сельского округа или уполномоченное им лицо.
      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.
      8. Кандидатуры представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в количестве 1 процента от общего числа жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома на территории города Есиль, села, поселка Красногорский и сельского округа. Не имеют права участвовать в сходе местного сообщества и на собрании местного сообщества несовершеннолетние лица, лица, признанные судом недееспособными, а также лица, содержащиеся в местах лишения свободы по приговору суда.
      Количество представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.
      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.
      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима города Есиль, села, поселка Красногорский, сельского округа.

Есіл ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы № 29/11 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 сәуірде № 4079 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 10/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 23.12.2016 № 10/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Есіл ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
С.Төлебаев
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Құдабаев

      КЕЛІСІЛДІ
      Есіл ауданының әкімі Қ.Рахметов

  Есіл аудандық мәслихатының
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 29/11 шешімімен
бекітілген

Есіл ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Есіл ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Есіл ауданының Есіл қаласының, ауылдың, Красногорский кентінің, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
      2. Есіл ауданының Есіл қаласының, ауылдардың, Красногорский кентінің, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Есіл қаласының, ауылдың, Красногорский кентінің, ауылдық округтің әкімі шақырады.
      Есіл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық "Жаңа Есіл" газеті арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Есіл қаласының, ауылдың, Красногорский кентінің, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
      7. Бөлек жиынды Есіл қаласының, ауылдың, Красногорский кентінің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
      Есіл қаласының, ауылдың, Красногорский кентінің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Есіл қаласының, ауылдың, Красногорский кентінің, ауылдық округтің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Есіл қаласының, ауылдың, Красногорский кентінің, ауылдық округтің әкімінің аппаратына береді.