Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества в Целиноградском районе

Решение Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 16 апреля 2014 года № 208/28-5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 15 мая 2014 года № 4184. Утратило силу решением Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 23 декабря 2016 года № 87/10-6

      Сноска. Утратило силу решением Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 23.12.2016 № 87/10-6 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106, Целиноградский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества в Целиноградском районе.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Председатель сессии
      Целиноградского
      районного маслихата Д.Камзебаев
      Секретарь Целиноградского
      районного маслихата Р.Тулькубаев

      "СОГЛАСОВАНО"
      Аким Целиноградского района Б.Мауленов

  Утверждены
решением Целиноградского
районного маслихата
от 16 апреля 2014 года
№ 208/28-5

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества в Целиноградском районе
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества в Целиноградском районе разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106, и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села, улицы, многоквартирного дома на территории сел, сельских округов Целиноградского района.
      2. Раздельный сход местного сообщества жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома (далее – раздельный сход) на территории сел, сельских округов Целиноградского района созывается и проводится с целью избрания представителей для участия местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом сельского округа. Проведение раздельных сходов допускается при наличии положительного решения акима Целиноградского района на проведение схода местного сообщества.
      4. О времени, месте созыва раздельных сходов и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через районные газеты "Ақмол ақпараты", "Вести Акмола".
      5. Проведение раздельного схода в пределах села, улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом сельского округа.
      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать.
      7. Раздельный сход открывается акимом сельского округа или уполномоченным им лицом.
      Председателем раздельного схода являются аким сельского округа или уполномоченное им лицо.
      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.
      8. Кандидатуры представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в количестве одного процента от общего числа жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома. Не имеют право участвовать в сходе местного сообщества и на собрании местного сообщества несовершеннолетние лица, лица, приравненные судом недееспособными, а также лица, содержащиеся в местах лишения свободы по приговору суда.
      Количество представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.
      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.
      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима соответствующего сельского округа.

Целиноград ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 208/28-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 мамырда № 4184 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 87/10-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 23.12.2016 № 87/10-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Целиноград ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Целиноград аудандық
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы Д.Қамзебаев
      Целиноград аудандық
      мәслихатының хатшысы Р.Түлкібаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Целиноград ауданының әкімі Б.Мауленов

  Целиноград аудандық мәслихатының
2014 жылғы 16 сәуірдегі
№ 208/28-5 шешімімен
бекітілген

Целиноград ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Целиноград ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39–3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Целиноград ауданының ауылдарының, ауылдық округтерінің аумағындағы ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
      2. Целиноград ауданының ауылдарының, ауылдық округтерінің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды ауылдық округтің әкімі шақырады. Целиноград ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы "Ақмол ақпараты", "Вести Акмола" аудандық газеттері арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
      7. Бөлек жиынды ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
      Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.