О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Целиноградского района, на 2015 год

Решение Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 25 декабря 2014 года № 265/39-5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 22 января 2015 года № 4606. Утратило силу решением Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 18 сентября 2015 года № 326/46-5

      Сноска. Утратило силу решением Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 18.09.2015 № 326/46-5 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», пунктом 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 «Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты» Целиноградский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Целиноградского района, на 2015 год следующие меры социальной поддержки:
      1) подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю;
      2) бюджетный кредит для приобретения или строительства жилья в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель
      сессии Целиноградского
      районного маслихата                        Д.Умержанов

      Секретарь Целиноградского
      районного маслихата                        Р.Тулькубаев

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким Целиноградского района                М.Таткеев

      Руководитель
      государственного учреждения
      «Отдел экономики и финансов
      Целиноградского района»                    А.Ибраева

2015 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 265/39-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қаңтарда № 4606 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 326/46-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 18.09.2015 № 326/46-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 8 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 2-тармағына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2015 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына келесі әлеуметтік қолдау шаралары:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы                                   Д.Өміржанов

      Целиноград аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Р.Түлкібаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Целиноград ауданының әкімі                 М.Тәткеев

      «Целиноград ауданының
      экономика және қаржы
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесі басшысы                           Ә.Ыбраева