Об установлении размеров социальной помощи

Решение Хобдинского районного маслихата Актюбинской области от 28 марта 2014 года № 142. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 25 апреля 2014 года № 3848. Утратило силу решением маслихата Хобдинского района Актюбинской области от 2 июля 2016 года № 32

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Хобдинского района Актюбинской области от 02.07.2016 № 32.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Хобдинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить единые размеры социальной помощи к памятным датам и праздничным дням согласно приложению.
      2. Ежемесячно оказывать:
      1) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на оплату коммунальных услуг денежную социальную помощь в размере восемь тысяч тенге;
      2) детям инвалидам, обучающимся и воспитывающихся на дому, согласно списков, представленных государственным учреждением "Хобдинский районный отдел образования" денежную социалную помощь в размере три тысячи тенге;
      3) гражданам, страдающим онкологическими заболеваниями, ВИЧ-инфицированным и больным различной формой туберкулеза, по спискам медицинских учреждений на период амбулаторного лечения социальную помощь в размере десяти месячного расчетного показателя, но не более шести месяцев.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решением Хобдинского районного маслихата Актюбинской области от 26.05.2015 № 204 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии
районного маслихата
Секретарьрайонного маслихата
      С.Мендыгарин Л.Исмагамбетова
      СОГЛАСОВАНО:
Заместитель акима
Актюбинской области
С.НУРКАТОВА

  Приложение к
решению маслихата
Хобдинского района
от 28 марта 2014 года
№ 142

Единые размеры социальной помощи к памятным датам и праздничным дням

      Следующим категориям:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, ко Дню Победы – 9 Мая, в размере 100 тысяч тенге;
      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны, ко Дню Победы - 9 Мая, в размере 50 тысяч тенге;
      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к инвалидам Великой Отечественной войны, ко Дню Победы - 9 Мая, в размере 50 тысяч тенге;
      другим категориям лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны, ко Дню Победы - 9 Мая, в размере 30 тысяч тенге;
      лицам, трудившимся и проходившим воинскую службу в тылу, не менее 6 месяцев в период с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года, получающим специальное государственное пособие, ко Дню Победы - 9 Мая, в размере 15 тысяч тенге;
      женам (мужьям) умерших участников Великой Отечественной войны, не признававшихся инвалидами, не вступившим в повторный брак, ко Дню Победы – 9 Мая, в размере 25 тысяч тенге;
      родителям и женам умерших воинов-афганцев, не вступившим в повторный брак, ко Дню Победы – 9 Мая, в размере 25 тысяч тенге;
      инвалидам, получающим государственные социальные пособия, ко ню инвалидов – второе воскресенье октября, в размере 30 тысяч тенге;
      малообеспеченным семьям из числа получателей государственной адресной социальной помощи, воспитывающим детей до 18 лет, ко Дню защиты детей - 1 июня, в размере 20 тысяч тенге;
      В случае наличия права отдельных категории граждан на социальную помощь (в соответствии статуса) к различным памятным датам и праздничным дням, оказывается один вид социальной помощи (более высокий по размеру).
      Выплата сумм социальной помощи производится через отделения банков второго уровня Хобдинского района путем перечисления денежных средств на лицевые счета или карт счета получателей.

Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 142 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 сәуірде № 3848 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 шілдедегі № 32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 02.07.2016 № 32 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атаулы және мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің біріңғай мөлшерлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Ай сайын:
      1)-Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне коммуналдық қызметтердi төлеу үшiн сегiз мың теңге көлемiнде қаржылай әлеуметтiк көмек көрсетiлсiн;
      2)- Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекет мекемесі ұсынған тізімдерге сәйкес үйден оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға үш мың теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек көрсетілсін;
      3) онкологиялық аурулардан зардап шеккен азаматтарға, ҚТВ инфекциясын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, медициналық мекемелердің тізімі бойынша амбулаториялық ем алу кезінде алты айдан аспайтын мерзімге он айлық есептік көрсеткіш көлемінде көрсетілсін;
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 26.05.2015 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
Аудандық мәслихаттыңхатшысы
      С.Мендыгарин Л.Исмағамбетова
      КЕЛІСІЛДІ:
Ақтөбе облысы
әкімінің орынбасары
С.НҰРҚАТОВА

  Қобда аудандық мәслихатының
2014 жылғы 28 наурыздағы № 142
шешіміне қосымша

Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшерлері

      Келесі санаттарға:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 мың теңге мөлшерiнде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 мың теңге мөлшерiнде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 мың теңге мөлшерiнде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
      мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 15 мың теңге мөлшерiнде;
      мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде;
      қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің ата-аналарына және екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде;
      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
      атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде 18 жасқа дейінгі бала тәрбилеп отырған аз қамтылған отбасыларға, 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай 20 мың теңге мөлшерiнде;
      Азаматтардың кейбір санаттары біржолғы әлеуметтік көмектің бірнеше түріне құқылы болған жағдайда, (статусына сәйкес) әр түрлі атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмектің тек бір түрі (мөлшері бойынша ең жоғары) көрсетіледі.
      Әлеуметтiк көмектiң сомаларын төлеу ақшалай қаражатты Қобда ауданындағы екiншi деңгейдегi банктер бөлiмшелерi арқылы алушылардың дербес шоттары немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргiзiледi.