"Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 142 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 204 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 маусымда № 4362 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 шілдедегі № 32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 02.07.2016 № 32 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қобда аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 142 "Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3848 тіркелген, 2014 жылғы 09 мамырда "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің 2 тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "2) Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекет мекемесі ұсынған тізімдерге сәйкес үйден оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға үш мың теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек көрсетілсін.".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
Аудандық мәслихаттыңхатшысы
      Ж.КЕРЕЕВ Л.ИСМАГАМБЕТОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады