О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 7-1/573. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республике Казахстан 5 декабря 2014 года № 9935

      В целях приведения в соответствие с Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года «О ветеринарии», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить перечень некоторых приказов Министра сельского хозяйства Республики Казахстан, в которые вносятся изменения, согласно приложению к настоящему приказу.
      2. Департаменту ветеринарной и пищевой безопасности Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Приложение        
к приказу Министра    
сельского хозяйства   
Республики Казахстан   
от 6 ноября 2014 года № 7-1/573

Перечень некоторых приказов Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан, в которые вносятся изменения

      1. В приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 8 января 2009 года № 6 «Об утверждении ветеринарных нормативов к лабораториям ветеринарно-санитарной экспертизы в модульных убойных пунктах» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5521; опубликованный в газете «Юридическая газета» от 6 марта 2009 года № 35 (1632)) следующее изменение:
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. Ведомству уполномоченного органа в области ветеринарии совместно с его территориальными подразделениями в установленном законодательством порядке, принять необходимые меры, вытекающие из настоящего приказа.».
      2. В приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 марта 2012 года № 18-03/127 «Об утверждении перечня болезней животных, при которых производятся обязательное обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, представляющих опасность для здоровья животных и человека» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7590; опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 26 мая 2012 года № 154-156 (26973-26975)) следующие изменения:
      в Перечне болезней животных, при которых производится обязательное обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, кормов и кормовых добавок, ветеринарных препаратов, представляющих опасность для здоровья животных и человека, утвержденном указанным приказом:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Перечень болезней животных, при которых производятся обязательное обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, представляющих опасность для здоровья животных и человека»;
      часть первую и подпункт 1) пункта 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Болезни животных, при которых туши обезвреживаются (обеззараживаются) без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, представляющих опасность для здоровья животных и человека:
      1) болезни общие нескольким видам животных – цистицеркоз (с поражением на более 3 цистицерков на разрезе мышц площадью в 40 квадратных сантиметров), бруцеллез, туберкулез, болезнь Ауески, везикулярный стоматит, лейкоз, лептоспироз, листериоз, пастереллез, паратуберкулез, кампилобактериоз, фузариотоксикоз, лихорадка ку;»;
      часть первую пункта 2 изложить в следующей редакции:
      «2. Болезни животных, при которых туши перерабатываются без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, представляющих опасность для здоровья животных и человека:».
      3. В приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 6 апреля 2012 года № 18-02/158 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга безопасности ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7646, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 25 июля 2012 года № 237-238 (27056-27057)) следующие изменения:
      в Правилах осуществления мониторинга безопасности ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, утвержденных указанным приказом:
      пункт 2 исключить:
      пункт 6 изложить в следующей редакции:
      «6. Организация по итогам проведенного мониторинга анализирует полученную информацию, оценивает состояние риска о выявленных побочных действиях, отсутствия эффективности ветеринарного препарата, которые привели или могут привести к тяжелым последствиям для здоровья и жизни животных и прогнозирует наблюдаемые изменения состояния здоровья животных и их характеристик и направляет обобщенные сведения и рекомендации в Комитет ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - Комитет).».

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 7-1/573 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 желтоқсанда № 9935 тіркелді

      «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице–министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 6 қарашадағы 
№ 7-1/573 бұйрығына 
қосымша         

Өзгеріс енгізіліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Модульді мал сою бекеттеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізетін зертханаларға арналған ветеринариялық нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5521 болып тіркелген; 2009 жылғы 6 наурыздағы № 35 (1632) «Юридическая газета» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ветеринария саласындағы уәкілетті орган оның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп заңнамада бекітілген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.».
      2. «Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7590 болып тіркелген; 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiнде:
      тақырыбы орыс тілінде өзгереді, мемлекеттік тілде өзгермейді;
      1-тармақтың бірінші бөлігі орыс тілінде өзгереді, мемлекеттік тілде өзгермейді;
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар – цистицеркоз (аумағы 40 шаршы сантиметр ет кесіндісінде 3 артық емес цистицеркозбен зақымданған), бруцеллез, туберкулез, Ауески ауруы, везикулярлі стоматит, лейкоз, лептоспироз, листериоз, пастереллез, паратуберкулез, кампилобактериоз, фузариотоксикоз, ку лихорадкасы;»;
      2-тармақтың бірінші бөлігі орыс тілінде өзгереді, мемлекеттік тілде өзгермейді.
      3. «Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру Қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 18-02/158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7646 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 шілдедегі № 415-421 (27495) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру қағидасында:
      2-тармақ алынып тасталсын:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ұйым жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша алынған ақпаратты талдайды, жануарларды саулығы мен өмірі үшін ауыр салдарларға әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкін ветеринариялық препараттардың анықталған жанама әсері туралы тәуекелдің, тиімділігінің жоқ болуының жай-күйін бағалайды және жануарлардың жай-күйі мен олардың сипаттамаларының бақыланатын өзгерістерін болжайды және жалпыланған мәліметтер мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) жолдайды.».