Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Жанааркинского района

Решение XХХVII сессии Жанааркинского районного маслихата Карагандинской области от 24 ноября 2014 года № 37/244. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 9 декабря 2014 года № 2854. Утратило силу решением Жанааркинского районного маслихата Карагандинской области от 25 марта 2022 года № 19/117

      Сноска. Утратило силу решением Жанааркинского районного маслихата Карагандинской области от 25.03.2022 № 19/117 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года №1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества", районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Жанааркинского района.

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня официального опубликования.


Секретарь районного маслихата,


председатель XXXVII внеочередной


сессии




  Утверждены решением
  Жанааркинского районного
  маслихата
  от 24 ноября 2014 года №37/244

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества
Жанааркинского района
1. Общие положения

      Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Жанааркинского района (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года №1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома.

      1. Раздельный сход местного сообщества жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома (далее – раздельный сход) на территории сел, поселков, сельских округов Жанааркинского района созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов

      2. Раздельный сход созывается акимом села, поселка, сельского округа Жанааркинского района.

      Проведение раздельных сходов допускается при наличии положительного решения акима Жанааркинского района на проведение схода местного сообщества.

      3. О времени, месте созыва раздельных сходов и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      4. Проведение раздельного схода в пределах села, улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом села, поселка и сельского округа Жанааркинского района.

      5. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать.

      6. Раздельный сход открывается акимом села, поселка, сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода являются аким села, поселка, сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      7. Для участия в сходе местного сообщества участниками раздельного схода выдвигаются кандидатуры представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома в количественном составе от десяти жителей один человек.

      Количество представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      8. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      9. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима села, поселка, сельского округа.

Жаңаарқа ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы XХXVII сессиясының № 37/244 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 желтоқсанда № 2854 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 наурыздағы № 19/117 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 25.03.2022 № 19/117 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жаңаарқа ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Аудандық мәслихат хатшысы,


кезектен тыс XXXVII сессияның


төрағасы

М. Абдишев



  Жаңаарқа аудандық
  мәслихатының
  2014 жылғы 24 қарашадағы
  № 37/244 шешімімен бекітілген

Жаңаарқа ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаңаарқа ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары (одан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Жаңаарқа ауданы ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Жаңаарқа ауданы ауылының, кентінің, ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Жаңаарқа ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Жаңаарқа ауданы ауылының, кентінің және ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Бөлек жиынның қатысушылары жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын он тұрғындардан бір адам сандық құрамында ұсынады.Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.