Об утверждении описания и формы внутриведомственных отличительных реквизитов и знаков об окончании Академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 26 августа 2014 года № 271. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 сентября 2014 года № 9769.

      В соответствии с подпунктом 124) пункта 15 Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922, и пунктом 5 видов и описания специальной формы одежды сотрудников специальных государственных органов Республики Казахстан, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 29 августа 2013 года № 627, ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Председателя Комитета национальной безопасности РК от 17.11.2022 № 81/қе (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые описание и форму внутриведомственных отличительных реквизитов и знаков об окончании Академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      2. Академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.


Председатель Комитета

Н. Абыкаев


  Утверждены
приказом Председателя
Комитета национальной
безопасности
Республики Казахстан
от 26 августа 2014 года № 271

Описание и форма внутриведомственных отличительных реквизитов и знаков об окончании Академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

      Сноска. Описание и форма - в редакции приказа Председателя Комитета национальной безопасности РК от 17.11.2022 № 81/қе (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Описание и форма отличительных реквизитов – шеврона и эмблемы Академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

      1. Шеврон (нарукавный знак) Академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (далее – Академия КНБ) является отличительным реквизитом, устанавливающим принадлежность сотрудников, курсантов и слушателей к Академии КНБ. Основой формы шеврона является эмблема Академии КНБ.

      2. Шеврон изготавливается для торжественного обмундирования – с цветным изображением эмблемы Академии КНБ (рисунок 1) и для повседневно-полевого – с упрощенным изображением эмблемы Академии КНБ в камуфлированной окраске (рисунок 2).

      3. На нарукавном знаке для особо торжественного обмундирования кант вышивается золотистыми нитками (рисунок 1).

      Примечание. Шеврон размещается на расстоянии 12 см от плечевого шва правого рукава обмундирования.





Рисунок 1. Шеврон для торжественного обмундирования

Рисунок 2. Шеврон для повседневно-полевого обмундирования

      4. Эмблема Академии КНБ является отличительным реквизитом специального учебного заведения органов национальной безопасности, представляющим собой изобразительный образ со смысловым значением из составных элементов – основного круглого щита (защита от внешнего врага), двойной семиконечной звезды (вера и надежда) и малого щита с "шаныраком" (единство с народом), расположенного внутри открытой книги (источник знаний, учение и дух мудрости), книга окаймлена тремя цветами, что символизирует три уровня образования.

      5. Форма эмблемы Академии КНБ представляет собой изображение круглого щита с центральным полем бирюзового (голубого) цвета и внешней окружностью василькового (синего) цвета, окольцованной золотистым (желтым) кантом. По внешней окружности щита василькового (синего) цвета нанесена надпись на государственном языке: по верху "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", по низу "ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІ3ДІК КОМИТЕТІНІҢ АКАДЕМИЯСЫ". Надписи выполнены серебристым (белым) цветом. По середине щита на поле бирюзового (голубого) цвета расположена стилизованная семиконечная звезда бордового (темно-красного) цвета на золотом (желтом) основании, имеющем также семь тупоугольных лучей.

      По центру рубиновой звезды – малый щит.

      По окружности щита василькового (синего) цвета, окольцованной золотистым (желтым) кантом, нанесена надпись на государственном языке: девиз "НАМЫС. АЙБЫН. ОТАН" ("ЧЕСТЬ. ДОБЛЕСТЬ. ОТЕЧЕСТВО"). Надпись выполнена серебристым (белым) цветом.

      По центру щита – стилизованное изображение свода остова юрты – "шанырак" золотистого (желтого) цвета на бирюзовом (голубом) фоне.

      Круглый щит находится внутри открытой книги, окаймленной каймой из голубого, белого и темно-синего цветов.

      6. Эмблема изготавливается в виде цветной детальной конструкции (рисунок 5) или золотого барельефа (рисунок 4).

      7. Изображение эмблемы исполняется в виде цветного (рисунок 5) и черно-белого (упрощенного) рисунка (рисунок 6) или воспроизводится в образе объемной конструкции (рисунок 3) или золотого барельефа (рисунок 4).





Рисунок 3. Объемная конструкция Рисунок 4. Золотой барельеф




Рисунок 5. Цветной рисунок Рисунок 6. Черно-белый рисунок

Глава 2. Описание и форма знаков об окончании Академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

      8. Знак об окончании Академии КНБ состоит из основания в форме эмблемы с полем бирюзового (голубого) цвета, ограниченным по периметру бортиком василькового (синего) цвета (рисунок 7).

      9. Знак об окончании магистратуры Академии КНБ состоит из основания в форме эмблемы с полем василькового (синего) цвета, ограниченным по периметру бортиком серебристого цвета (рисунок 8).

      10. Знак об окончании докторантуры Академии КНБ состоит из основания в форме эмблемы с полем василькового (синего) цвета, ограниченным по периметру бортиком золотого цвета (рисунок 9).

      11. Размеры знаков: высота 23 мм, ширина 47 мм, ширина бортика 2 мм, толщина канта 0,5 мм. На оборотной стороне знаки имеют винт для крепления.





Рисунок 7. Знак об окончании
Академии КНБ
Рисунок 8. Знак об окончании
магистратуры Академии КНБ



Рисунок 9. Знак об окончании докторантуры Академии КНБ


Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің сипаттамалары мен нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 26 тамыздағы № 271 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 қыркүйекте № 9769 тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 15-тармағының 124) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 627 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамаларын бекіту туралы ереженің 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2022 № 81/қе (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің сипаттамасы мен нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Комитет Төрағасы

Н.Әбіқаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2014 жылғы 26 тамыздағы
№ 271 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің сипаттамасы мен нысаны

      Ескерту. Сипаттамасы мен нысаны жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2022 № 81/қе (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының айырым реквизиттері – шевронның және эмблемалардың сипаттамасы мен нысаны

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының (бұдан әрі – ҰҚК Академиясы) шевроны (жең белгісі) қызметкерлердің, курсанттар мен тыңдаушылардың ҰҚК Академиясына тиесілі екендігін білдіретін айырым реквизиті болып табылады. Шевронның негізгі нысаны ҰҚК Академиясының эмблемасы болып табылады.

      2. Салтанатты киім-кешектерге арналған шеврон – ҰҚК Академиясы эмблемасының түрлі-түсті кескінімен (1-сурет) және күнделікті-далалық киімдерге арналған шеврон – ҰҚК Академиясы эмблемасының бүркеніш түсті қарапайым кескінімен (2-сурет) дайындалады.

      3. Айрықша салтанатты киім-кешектерге арналған жең белгісіндегі жиек алтын түстес жіппен тігіледі (1-сурет).

      Ескертпе. Шеврон киімнің оң жақ жеңіндегі иық тігісінен төмен қарай 12 см қашықтықта орналастырылады.





1-сурет. Салтанатты киім-кешекке арналған шеврон

2-сурет. Күнделікті далалық киім-кешекке арналған шеврон

      4. ҰҚК Академиясының эмблемасы үш түспен жиектелген, білімнің үш деңгейін білдіретін ашылған кітаптың (білім мен даналық рухы) ішінде орналасқан негізгі шеңберлі қалқаннан (сыртқы дұшпаннан қорғау), қосарлы жеті қырлы жұлдыз (сенім мен үміт) және кіші қалқанның ішіндегі шаңырақтан (халықпен бірге болу) құралған элементтерден тұратын, мән-мағыналы кескін үлгісін бейнелейтін ұлттық қауіпсіздік органдары арнайы оқу орнының айырым реквизиті болып табылады.

      5. ҰҚК Академиясы эмблемасының нысаны алтын (сары) түсті жиекпен көмкерілген, көгілдір (көк) түсті орталық алаңы және көктікен (көк) түсті сыртқы шеңбері бар дөңгелек қалқан бейнесінен тұрады. Көктікен (көк) түсті қалқанның сыртқы шеңберін бойлай мемлекеттік тілде: үстіңгі жағында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", төменгі жағында "ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ АКАДЕМИЯСЫ" деген жазу жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған. Қалқанның ортасында көгілдір (көк) түсті алаңның үстінде жеті доғал шұғыласы бар, алтын (сары) негізіне күрең қызыл (қою қызыл) түсті айшықты жеті ұшты жұлдыз орналасқан.

      Жақұтты жұлдыздың ортасында кіші қалқан орналасқан.

      Алтын (сары) жиекпен көмкерілген көктікен (көк) түсті қалқанның шеңберін бойлай "НАМЫС. АЙБЫН. ОТАН" деген мемлекеттік тілдегі ұран жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.

      Қалқанның ортасында көгілдір (көк) түстің үстіне алтын (сары) түсті киіз үй күмбезінің айшықты бейнесі – "шаңырақ" орналасқан.

      Шеңберлі қалқан көгілдір, ақ және көк түстермен жиектелген ашылған кітаптың ішінде орналасқан.

      6. Эмблема түрлі-түсті бөлшекті конструкция (5-сурет) немесе алтын барельеф түрінде (4-сурет) дайындалады.

      7. Эмблеманың кескіні түрлі-түсті (5-сурет) және ақ-қара (қарапайым) сурет түрінде (6-сурет) немесе көлемді конструкция (3-сурет) және алтын барельеф түрінде (4-сурет) бейнеленеді.





3-сурет. Көлемді конструкция

4-сурет. Алтын барельеф





5-сурет. Түрлі-түсті сурет

6-сурет. Ақ-қара сурет

2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілердің сипаттамасы мен нысаны

      8. ҰҚК Академиясын бітіргені туралы белгі периметрі бойынша көктікен (көк) түсті жиекпен шектелген көгілдір (көк) түсті өрісі бар эмблема түріндегі жапсырмадан тұрады (7-сурет).

      9. ҰҚК Академиясының магистратурасын бітіргені туралы белгі периметрі бойынша күміс түсті жиекпен шектелген көктікен (көк) түсті өрісі бар эмблема түріндегі жапсырмадан тұрады (8-сурет).

      10. ҰҚК Академиясының докторантурасын бітіргені туралы белгі периметрі бойынша алтын түсті жиекпен шектелген көктікен (көк) түсті өрісі бар эмблема түріндегі жапсырмадан тұрады (9-сурет).

      11. Белгілердің өлшемі: биіктігі 23 мм, ені 47 мм, ернеудің ені 2 мм, жиектің қалыңдығы 0,5 мм. Белгілердің артқы жағында бекітуге арналған бұранда болады.





7-сурет. ҰҚК Академиясын
бітіргені туралы белгі

8-сурет. ҰҚК Академиясының
магистратурасын бітіргені туралы белгі




9-сурет. ҰҚК Академиясының
докторантурасын бітіргені туралы белгі