Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества в Жалагашском районе

Решение Жалагашского районного маслихата Кызылординской области от 06 июня 2014 года N 33-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 19 июня 2014 года за N 4703. Утратило силу решением Жалагашского районного маслихата Кызылординской области от 17 августа 2023 года № 5-3

      Сноска. Утратило силу решением Жалагашского районного маслихата Кызылординской области от 17.08.2023 № 5-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок изложен в новой редакции на казахском языке, текст на русском языке не меняется, решением Жалагашского районного маслихата Кызылординской области от 17.11.2021 № 10-7 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьями 6, 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Жалагашский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые правила проведения раздельных сходов местного сообщества в Жалагашском районе.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель ХХХІІІ сессии
Жалагашского районного маслихата
КИПШАКБАЕВ А.
      Секретарь Жалагашского
районного маслихата
СУЛЕЙМЕНОВ К.

  Утверждено решением
Жалагашского районного маслихата
от 06 июня 2014 года № 33-2

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества в Жалагашском районе

      Сноска. Приложение - в редакции решения Жалагашского районного маслихата Кызылординской области от 17.11.2021 № 10-7 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан №1106 от 18 октября 2013 года и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села, поселка, сельского округа, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория села, поселка, сельского округа подразделяется на участки (села, микрорайоны, улицы, многоквартирные жилые дома).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом поселка, сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом села, поселка, сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения путем размещения в средствах массовой информации или на интернет-ресурсе государственного органа, а также в информационных стендах аппарата акима села, поселка и сельского округа и в местах, доступных для всеобщего обозрения.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом поселка и сельского округа.

      При наличии в пределах микрорайона или улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе, микрорайоне, улице, многоквартирном доме и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом села, поселка, сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким села, поселка, сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом района.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима соответствующего села, поселка и сельского округа.

Жалағаш ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 06 маусымдағы N 33-2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 маусымда N 4703 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 тамыздағы № 5-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 17.08.2023 № 5-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 17.11.2021 № 10-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 39-3 баптарына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы N 1106 қаулысына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Жалағаш ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық
мәслихатының XХХІІІ
сессиясының төрағасы
А. КИПШАКБАЕВ
      Жалағаш аудандық
мәслихатының хатшысы
К. СҮЛЕЙМЕНОВ

  2014 жылғы "06" маусымдағы № 33-2
Жалағаш аудандық мәслихатының
шешімімен бекітілген

Жалағаш ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 17.11.2021 № 10-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жалағаш ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдың, кенттің және ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауыл, кент және ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдарына немесе мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ауыл, кент және ауылдық округ әкімі аппаратының ақпараттық қабырғаларына және баршаға көрінетін жерлерге орналастыру арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауыл, кент және ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті ауыл, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.