Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бейнеуского района

Решение Бейнеуского районного маслихата от 24 ноября 2014 года № 28/196. Зарегестрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 24 декабря 2014 года № 2561.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Бейнеуский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о награждении Почетной грамотой Бейнеуского района.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Бейнеуского районного маслихата" (далее – Аппарат) (К.Еламанов) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в средствах массовой информации и размещения в информационно – правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан".

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата К.Еламанова.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в департаменте юстиции Мангистауской области и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ш.Азанов
      Секретарь районного маслихата А.Улукбанов

Положение о награждении Почетной грамотой Бейнеуского района

Глава 1. Общие положение

      Сноска. Заголовок главы 1 - в редакции решения Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 24.12.2020 № 57/470 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Положение о награждении Почетной грамотой Бейнеуского района разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      2. Награждение Почетной грамотой Бейнеуского района (далее - Почетная грамота) является особо важным моральным стимулом, означающим признание обществом плодотворной долголетней деятельности граждан, их способностей, дарования и инициатив.

Глава 2. Требования по награждению Почетной грамотой

      Сноска. Заголовок главы 2 - в редакции решения Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 24.12.2020 № 57/470 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Почетной грамотой могут награждаться граждане района, имеющие не менее 5 лет стажа в своей сфере деятельности, за личные достижения в производственной и общественно-политической деятельности, в области науки, культуры, литературы, искусства, образования, здравоохранения, физической культуры и спорта, в сфере обслуживания населения, за личные заслуги в деле укрепления законности и правопорядка, дружбы народов и межнационального согласия, государственной обороны.

      4. Почетной грамотой не могут награждены:

      1) лица, имеющие судимость, которая не погашена или не снята в установленном законодательством порядке на момент представления;

      2) лица, признанным судом недееспособными либо ограниченно дееспособными;

      3) лица, привлеченные к ответственности за действия коррупционного правонарушения;

      4) лица, имеющие административное взыскание, которое не погашено или не снято в установленном законодательством порядке на момент представления.

      5. Повторное награждение Почетной грамотой не производится.

Глава 3. Порядок награждения Почетной грамотой

      Сноска. Заголовок главы 3 - в редакции решения Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 24.12.2020 № 57/470 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. На каждого человека, представляемого к Почетной грамоте составляется наградной листок. В наградном листе излагаются данные, характеризующие личность награждаемого, общий трудовой стаж работы в отрасли и в данном коллективе, его конкретные заслуги, сведения об эффективности и качестве работы, ее результаты.

      Сноска. В пункт 6 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с решением Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 24.12.2020 № 57/470 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Руководитель предприятия, организации и учреждения подписывает наградной листок и несет персональную ответственность за достоверность внесенных данных. Наградные листы скрепляются печатями предприятий, организаций и учреждений.

      8. Поступившие материалы от лиц, самостоятельно представляющих свою кандидатуру для награждения Почетной грамотой, не рассматриваются.

      9. Поступившие документы для предварительного рассмотрения и подготовки предложений по награждению Почетной грамотой направляются в комиссию по наградам, созданную при акиме района (далее - комиссия).

      10. Решение о награждении Почетной грамотой принимается на сессии районного маслихата по предложению акима района, подготовленного согласно положительного заключения комиссии.

      11. Почетная грамота в торжественной обстановке вручается председателем районного маслихата либо акимом района или его заместителями в трудовых коллективах по месту работы награждаемого, на сессиях маслихата, совещаниях и собраниях актива района.

      Сноска. Пункт 11 в редакции решения Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 26.06.2023 № 4/44 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Взамен утраченной Почетной грамоты дубликаты не выдаются.

Глава 4. Описание Почетной грамоты

      Сноска. Заголовок главы 4 - в редакции решения Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 24.12.2020 № 57/470 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Почетная грамота – папка голубого цвета с изображением герба на лицевой стороне и надписью на государственном языке "Құрмет грамотасы" со вкладышем. Вкладыш изготавливается типографским способом из плотной бумаги белого цвета.

      Левая сторона разворота вкладыша обрамлена национальным орнаментом, а в верхней части правой стороны изображен Государственной Герб Республики Казахстан. Внизу изображения Государственного Герба Республики Казахстан отводится место для указания фамилии, имени, отчества и заслуг награждаемого. Под текстом параллельно размещаются подписи акима района и председателя районного маслихата.

      Сноска. Пункт 13 в редакции решения Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 25.04.2023 № 2/8 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту туралы

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 28/196 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 2561 болып тіркелді.

      Бенеу селосы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ереже бекітілсін.

      2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне (одан әрі - Аппарат) (Қ.Еламанов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпарат - құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аппарат басшысы Қ.Еламановқа жүктелсін.

      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ш.Азанов
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Ұлықбанов

  Бейнеу аудандық мәслихатының
  2014 жылғы 24 қарашадағы
  № 28/196 шешімімен бекітілген

Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ереже

      1 тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 57/470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Бейнеу ауданның Құрмет грамотасымен марапатау туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен (одан әрі - Құрмет грамотасы) марапаттау азаматтардың көп жылғы жемісті қызметін, олардың қабілетін, дарынын және бастамаларын қоғамның танығандығын білдіретін аса маңызды моральдық көтермелеу болып табылады.

      2 тарау. Құрмет грамотасымен марапаттау бойынша талаптар

      Ескерту. 2 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 57/470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Өз қызмет саласында кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі бар аудан азаматтары Құрмет грамотасымен өндірістік және қоғамдық-саяси қызметтегі, ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер, білім беру, денсаулық сақтау, дене тәрбиесі және спорт саласындағы, халыққа қызмет көрсету аясындағы жеке жетістіктері, заңдылық және құқықтық тәртіпті, халықтар достығы мен ұлт аралық келісімді, мемлекеттік қорғанысты нығайту ісіндегі жеке сіңірген еңбегі үшін марапатталуы мүмкін.

      4. Құрмет грамотасымен марапаттала алмайды:

      1) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар тұлғалар;

      2) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалар;

      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар;

      4) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған әкімшілік жазалары бар тұлғалар.

      5. Құрмет грамотасымен қайталап марапаттау жүргізілмейді.

      3 тарау. Құрмет грамотасымен марапаттау тәртібі

      Ескерту. 3 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 57/470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Құрмет грамотасына ұсынылған әрбір адамға марапатталу бетшесі толтырылады. Марапаттау бетшесінде марапатталушының жеке басын сипаттайтын мәліметтер, сол саладағы және ұжымдағы жалпы еңбек өтілі, оның нақты сіңірген еңбектері, жұмысының сапасы және тиімділігі туралы мәліметтер, оның нәтижелері баяндалады.

      Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 57/470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Марапаттау бетшесіне кәсіпорынның, ұйымның және мекеменің басшысы қол қояды және енгізілген мәліметтердің растығына дербес жауапкершілік артады. Марапаттау бетшесі кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің мөрімен бекітіледі.

      8. Құрмет грамотасымен марапаттау үшін өз бетімен өзінің кандидатурасын ұсынған тұлғалардан келіп түскен материалдар қаралмайды.

      9. Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын-ала қарау және ұсыныстарды дайындау үшін аудан әкімі жанынан құрылған марапаттау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - комиссия) жолданады.

      10. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім комиссиясының оң қорытындысына сай әзірленген аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихаттың сессиясында қабылданады.

      11. Құрмет грамотасы салтанатты түрде аудандық мәслихаттың төрағасымен не аудан әкімімен немесе оның орынбасарларымен марапатталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, мәслихат сессияларында, жиындарда және аудан активінің жиналыстарында табыс етіледі.

      Ескерту. 11 -тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 26.06.2023 № 4/44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12. Жоғалған Құрмет грамотасының орнына көшірмесі берілмейді.

      4 тарау. Құрмет грамотасының сипаттамасы

      Ескерту. 4 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 57/470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      13. Құрмет грамотасы – беткі жағында Елтаңба белгісімен және мемлекеттік тілде "Құрмет грамотасы" деп жазылған, қосымша бетшесі бар көгілдір түсті папка. Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.

      Қосымшаның айқара ашылған бетінің сол жағы ұлттық оюмен өрнектелген, ал оң жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнесінің төменгі жағында марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін көрсету үшін орын қалдырылады. Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары орналасады.

      Ескерту. 11 -тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 25.04.2023 № 2/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.