Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 28/196 "Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 4/44 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 маусымда № 4583-12 болып тіркелді

      Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы №28/196 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2561 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережесінде:

      11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Құрмет грамотасы салтанатты түрде аудандық мәслихаттың төрағасымен не аудан әкімімен немесе оның орынбасарларымен марапатталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, мәслихат сессияларында, жиындарда және аудан активінің жиналыстарында табыс етіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы А. Бораш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады