Об утверждении расчета ставки арендной платы при передаче областного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

Постановление акимата Костанайской области от 4 мая 2014 года № 191. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 28 мая 2014 года № 4773. Утратило силу постановлением акимата Костанайской области от 5 августа 2014 года № 390

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Костанайской области от 05.08.2014 № 390 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и статьей 17 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 88 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)" акимат Костанайской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый расчет ставки арендной платы при передаче областного коммунального имущества в имущественный наем (аренду).
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области                               Н. Садуакасов
 

Утвержден        
постановлением акимата 
от 4 мая 2014 года   
№ 191          

Расчет ставки арендной платы
при передаче областного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

      Базовая ставка арендной платы в год за использование 1 квадратного метра объектов государственного нежилого фонда, находящихся на балансе областных коммунальных юридических лиц составляет 1 месячный расчетный показатель.
      1. Ставка арендной платы в год за имущественный наем (аренду) объекта государственного нежилого фонда рассчитывается по формуле:
      Ап = Бс *К123*S, где:
      Ап - ставка арендной платы в год объекта государственного нежилого фонда;
      Бс - базовая ставка;
      К1 - коэффициент, учитывающий территориальную принадлежность объекта;
      К2 - коэффициент, учитывающий месторасположение объекта в городе Костанай;
      К3 - коэффициент, учитывающий тип строения;
      S - площадь арендуемого помещения (квадратный метр).
      Коэффициент, учитывающий территориальную принадлежность объекта:

Территориальная зона

К1

город Костанай, город Лисаковск, город Рудный, город Аркалык

2,3

Районы области

1,6

Коэффициент, учитывающий месторасположение объекта в городе Костанай:

Месторасположение объекта в городе Костанай

К2

Центр в границах улиц Каирбекова-Темирбаева (включая привокзальную площадь), Павлова-Шевченко

2

Другие районы города (за исключением составных частей города)

1

Составные части города (жилые массивы: Амангельды, Геофизик, Дружба, Кунай, Тепличный, Ударник)

0,9

Коэффициент, учитывающий тип строения:

Тип строения

К3

Отдельно стоящее

1

Пристроенное

1

Полуподвальное

0,85

Подвальное

0,70

Складское

0,60

      2. Ставка арендной платы за имущественный наем (аренду) оборудования, автотранспортных средств и других непотребляемых вещей определяется по следующей формуле:
      Ао = АО + (БС*СР), где:
      Ао - ставка арендной платы в год оборудования, автотранспортных средств и других непотребляемых вещей;
      АО - сумма амортизационных отчислений, в соответствии с предельными нормами амортизации, определенными статьей 120 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)";
      БС - балансовая стоимость;
      СР - ставка рефинансирования Национального банка Республики Казахстан.
      3. Ставка арендной платы за наем (аренду) объекта, используемого неполное рабочее время (по часам), рассчитывается по следующим формулам:
      для государственного нежилого фонда, находящегося на балансе областных коммунальных юридических лиц:
      А = S* Бс *К123/РВ*N, где:
      А - ставка арендной платы объекта, используемого неполное рабочее время;
      S - площадь (квадратных метров);
      Бс - базовая ставка,
      К1 - коэффициент, учитывающий территориальную принадлежность объекта;
      К2 - коэффициент, учитывающий месторасположение объекта в городе Костанай;
      К3 - коэффициент, учитывающий тип строения;
      РВ - баланс рабочего времени в год;
      N - количество часов в год;
      для оборудования, автотранспортных средств и других непотребляемых вещей:
      А = (Ао/РВ)*N, где:
      А - ставка арендной платы в год оборудования, автотранспортных средств и других непотребляемых вещей;
      Ао - арендная плата в год за наем (аренду) оборудования, автотранспортных средств и других непотребляемых вещей;
      РВ - баланс рабочего времени в год;
      N - количество часов в год.

Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеуді бекіту туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 191 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 мамырда № 4773 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 390 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 05.08.2014 № 390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Мемлекеттiк мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов
 

Әкімдіктің          
2014 жылғы 4 мамырдағы    
№ 191 қаулысымен бекітілген 

Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының
мөлшерлемесін есептеу

      Облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің 1 шаршы метрiн пайдалану үшiн жылдық жалдау ақысының базалық мөлшерлемесi 1 айлық есептік көрсеткiштi құрайды.
      1. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формула бойынша есептеледi:
      Жа = Бм *К1 2 3 *S, мұндағы:
      Жа – мемлекеттік тұрғын емес қор объектісінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Бм - базалық мөлшерлеме;
      К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
      К2 - объектiнiң Қостанай қаласында орналасқан жерiн есепке алатын коэффициент;
      К3 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
      S - жалдауға алынған үй-жайдың ауданы (шаршы метр).
      Объектiнің аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент:

Аумақтық аймақ

К1

Қостанай қаласы, Лисаков қаласы, Рудный қаласы, Арқалық қаласы

2,3

Облыстың аудандары

1,6

      Объектiнiң Қостанай қаласында орналасқан жерiн есепке алатын коэффициент:

Объектiнiң Қостанай қаласында орналасқан жерi

К2

Орталық Қайырбеков-Темiрбаев (вокзал маңы аумағын қосқанда), Павлов-Шевченко көшелерiнiң шекарасында

2

Қаланың басқа аудандары (қаласының құрамды бөліктеріне қоспағанда)

1

Қаланың құрамды бөліктеріне (Амангелдi, Геофизик, Дружба, Қонай, Жылы жай, Ударник тұрғын үй алабы)

0,9

      Құрылыс түрiн есепке алатын коэффициент:

Құрылыс түрi

К3

Жеке тұрған

1

Қосымша салынған

1

Жартылай жертөле

0,85

Жертөле

0,70

Қоймалық

0,60

      2. Құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды мүлiктiк жалдау (жалға алу) үшiн жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формула бойынша анықталады:
      Жн = АТ + (БҚ*ҚМ), мұндағы:
      Жн - құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      АТ – 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 120-бабымен анықталған амортизацияның шектелген нормаларына сәйкес амортизациондық төлемдердiң сомасы;
      БҚ - баланстық құны;
      ҚМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі.
      3. Жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын (сағаттар бойынша) объектiнi жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формулалар бойынша есептеледi:
      облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор үшiн: Ж = S* Бм *К123/ЖУ*N, мұндағы:
      Ж - жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын объектінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      S - ауданы (шаршы метр);
      Бм - базалық мөлшерлеме;
      К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
      К2 - объектiнiң Қостанай қаласында орналасқан жерiн есепке алатын коэффициент;
      К3 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
      ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
      N - жылдық сағат саны;
      құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа пайдаланылмайтын заттар үшiн: Ж= (Жн/ЖУ)*N, мұндағы:
      Ж – құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Жн – негiзгi құрал-жабдықтарды (ғимараттардан басқа) жалдауға (жалға алуға) алу үшiн жылдық жалдау ақысы;
      ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
      N - жылдық сағат саны.